«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында және жаңа оқу жылының басталуына орай аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі Қожанов, Мадиходжаев, Еркіндік көшелері мен Жаңажол ауылдық округіне қарасты Ақжол елдімекеніндегі Қазыбек би көшесінде жалпы ұзындығы 15 шақырым жолдың сызықтары жаңартылды. Сонымен қатар, аудан бойынша барлық мектептердің алдындағы жаяу жүргіншілердің өткелдеріне, автотұрақтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың автотұрақтарына жол таңбалау жұмыстары жүргізіліп, толықтай ретке келтірілді.
Айта кетейік, жол сызықтарын жаңарту жұмыстары басқа да республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға да жоспарланып отыр.