Ордабасы ауданының орталығы Темірланда ұйымдастырылған іс-шара — кітаптар, қолөнер бұйымдары және ұлттық тағамдар көрмесін тамашалаумен басталып, аудандық өнер ұжымдары мен әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері, мәдениет және білім беру саласының қызметкерлері қатысты. Жиында аудан әкімінің орынбасары М.Ақмұратов пен аудандық мәслихат төрағасы Б.Жұмабеков мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, тіл саясатының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.