Бүгін Кентау қаласындағы Әл-фараби атындағы №14 мектепте «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында оқушы қыздар мен ұстаздардың қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог-маманы А.Сейдуәлі, Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Ж.Аринова, мектеп басшылығы қатысты. Кездесуде қыз тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, еліміздің болашағының жарқын болуы жолында АЭС салуға қатысты 6-қазанда өтетін референдумның маңызы жайлы айтылды.