АЭС жобасы біздің еліміздегі энергетикалық тепе-теңдікті әртараптандыру ел үшін табыс көздерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Қазақстан мұнай мен газ экспортына ғана сүйене бермей, оған электр энергиясын қосса, экспорттық тауарлардың портфелін ұлғайта алады. Бұл мұнай мен газ бағасына деген тәуелділікпен байланысты тәуекелдерді азайтып қана қоймайды, сонымен қатар экспорттық кірістерді ұлғайту және елдің сауда секторын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Атап өтерлігі, атом электр станциясының құрылысы энергия жүйесін әртараптандыруға ғана емес, сондай-ақ Қазақстан экономикасына да ықпал ете алады. Атом энергетикасын енгізу арқылы энергетикалық секторды дамыту экономиканың жекелеген салалары мен кіріс көздеріне тәуелділігін төмендетуге көмектеседі. Бұл оның сыртқы дағдарыстарға және әлемдік экономикадағы өзгерістерге төзімділігін арттырады.
Мая Талғатқызы,
Кентау қаласының тұрғыны