Бүгін дауыс беру учаскелерінің ашылуынан бастап «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі күшейтілген қырағылық режиміне көшті.
Біздің ситуациялық орталық республиканың барлық дауыс беру учаскесінен аймақтық штабтар мен үйлестірушілерден түсетін өзекті ақпаратты ала отырып, үздіксіз мониторинг режимінде жұмыс істеп жатыр.
Таңғы сағат 6:00-ден бастап 9500-ден астам «Дауыс» бақылаушысы республиканың ең алыс өңірлерінен бастап елордаға дейін дауыс беру учаскелерінде өзінің орындарын алды.
Қазіргі уақытта сайлау комиссияларының жұмысына қатысты ешқандай шағым немесе теріс пікірлер тіркелмеген. Барлық бақылаушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес дауыс беру учаскелеріне жіберілді, ал дауыс беру процесі тыныш және дұрыс өтіп жатыр.