Рефендум күні Сауран аудандық әжелер алқасының мүшелері №68 дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасады. Ақ жаулықты әжелер қоғамдық жұмыстармен қатар саяси науқандарға белсенді атсалысып келеді. “Болашаққа жаңа бағытта бет алған мемлекетіміз үшін бұл референдумның орны ерекше” — дейді әжелер алқасының мүшелері.
Сауран аудандық әжелер алқасының құрамында 30-дан астам кейуана бар. Сауран ауданындағы дауыс беру учаскелеріне келушілердің қарасы қалың. Айта кетейік , ауданда 41 учаске құрылған. Өңірде жалпы саны 51 051 сайлаушы бар болса, ал байқаушылар саны — 287.