Кентау қаласы Байылдыр ауылында орналасқан N48 сайлау учаскесіне келген жас отбасылар өз таңдауларын жасап дауыс берді. Ауыл тұрғыны Нұрдаулет Мұхамедов пен Нұрсәуле Амангелдиева жақында ғана неке қиып, жас отбасы атанған. Елінің болашағына бей-жай қарамайтын жас отбасыға референдум учаскесіндегі ақ жаулықты әжелер бата берді.
«Елдің болашағы біздің болашақ. Біздің балаларымыздың болашағы. Сондықтан біз өз таңдауымызды жасадық» – дейді Нұрдаулет Мұхамедов.
Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 сайлау учаскелері 55 932 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Референдум учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастарға сыйлықтар үйлестірілсе, тұрғындарға көтерңкі көңіл күй сыйлау мақсатында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда.