Түркістан облысындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар референдумға дауыс беру үшін инватакси қызметін пайдалануда. Осы ретте Арыс қаласындағы №4 дауыс беру учаскесіне Абайбек Алиев инватакси қызметі арқылы келіп, өз таңдауын жасады. Бүгінде Арыс қаласындағы 1 аумақтық және 34 дауыс беру учаскелерінде 44 072 азамат тіркелген.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. Өңірде 945 дауыс беру учаскесі белгіленіп, 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеуде.