gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Білім

Мақтаарал ауданында 3 мектеп салу жоспарланып отыр

25 сентября, 2024
in Білім
0
Сарыағашта «Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Ағымдағы жылы Мақтаарал ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 87 әлеуметтік баспана салынып жатыр. Құрылыс аумағы 60-65 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде «Жайлы мектеп» бағдарламасымен салынып жатқан 5 мектеп бар.

Сала мамандарының мәлімдеуінше, қазіргі таңда 2 білім ошағының құрылысы басталған. Сондай-ақ, «сақалды құрылысқа» айналған 2 мектептің құрылысын таяу арада бітіру үшін тиісті шаралар қабылданды. Бұдан бөлек 3 мектеп салу жоспарлануда. Өткен жылы ауданда 2 Мәдениет үйі салынса, биыл тағы екеуінің құрылысы басталған.

Мәдениет үйінің бірі Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің Ынталы елді мекенінде салынып жатыр, 150 орынды ғимараттың құны 762 млн. теңгені құрайды. Мердігер мекеме ғимаратты келесі жылдың желтоқсан айында тапсыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, ауданда дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға да лайықты көңіл бөлініп отыр. Алдағы жылдары әрбір ауылдық округтің орталығынан шағын спорт кешендері салынбақ. Олардың жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, шығын көлемі анықталуда.

Айта кетейік, Түркістан облысында «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы» аясында соңғы екі жылда жобалық қуаттылығы 49 мың орынды 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған. Атап айтқанда, 300 орынды – 11 мектеп, 600 орынды – 25 мектеп, 900 орынды – 15 мектеп, 1200 орынды – 6 мектеп, 1500 орынды – 4 мектеп, 2000 орынды 2 мектеп бар. Биыл 22 900 орынды құрайтын 29 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Аймақтар бойынша айтар болсақ, Түркістан қаласы мен Жетісай, Келес аудандарында үш, Сарыағаш ауданында төрт, Шардара ауданында екі мектеп пайдалануға берілсе, Бәйдібек, Сайрам аудандары мен Арыс қаласында бір-бір мектеп алғашқы оқушыларын қабылдайды. Аталған мектептердің 19-ы осы қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Жайлы мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл пайдалануға берілетін 29 мектептің 7-еуі толық құрамда жаңа жайлы мектепке көшіріледі. Қалған 22 мектепке оқушылар әр мектептен жиналады, бұл мектептердің оқушылары баланстан балансқа ауыстыру тәртібімен оқулықпен толық қамтамасыз етіледі. Жайлы мектептер педагогтарының біліктілігін арттыру бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда 41 мұғалім білімін жетілдіруде.

 

Previous Post

Талпыныс тәжірибесі

Next Post

Кезекті кездесу білім ошақтарында өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz