Жетісай ауданындағы «№35 «Қараөзек» жалпы білім беретін мектепте 50 мұғалім еңбек етеді. Оның 48-і жоғары білімді. Сонымен қатар, аталмыш білім ұясында 1 — педагог-шебер, 15 педагог-зерттеуші, 19 педагог-сарапшы, 16 педагог-модератор бар. Маман кадрлармен қамтамасыз етілуі -100%.
Білім ошағының әдістемелік құрамына 9 пән бірлестігі мен 3 сынып жетекшілер бірлестігі кіреді. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және шығармашылықпен жұмыс істеу бағытында төрт шығармашылық топ жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, олар: «Ойын технологиясы элементтерін пайдалану» шығармашылық тобы, «Интербелсенді оқыту әдістемесі» шығармашылық тобы, «Оқушылардың танымдық-шығармашылық белсенділігін арттыру», Бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында ойын элементтері арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Білім берудегі алға қойған әдістеме тақырыбы «Оқу тәрбие үрдісі барысында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында заман талабына сай жаңа технологияны сабаққа енгізу» болғандықтан әр әдістеме бірлестігі алға қойған мақсаттары мен міндеттерін айқындап, жоспарға енгізген. Мұғалімдер сабақта жаңа технологияларды кеңінен пайдаланылады.
2023-2024 оқу жылында «№35 «Қараөзек» жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік аттестаттаудан өтіп «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 59-бабы, 4-тармағына 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 15-тармақ 12) тармақшасына сәйкес 24.05.2024ж күні №806 бұйрықпен жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылып, аттестатталды.
Аудандық пән олимпиадасында информатика пәні мұғалімі Н.Өтебектің дайындауымен 10 сынып оқушысы Базаралы Асқат ІІ-орын алды, 9-сынып оқушысы Бейсенбай Абдумалик ІІІ-орын алды. Физика пәні мұғалімі И.Мусаханның дайындауымен 10 сынып оқушысы Мақсұт Сабина ІІ орын алды. Жаратылыстану пәнінің мұғалімі Д.Торыбаеваның дайындауымен 5 «Ә» сынып оқушысы Құдайберген Інжу «Алғыс хатпен» марапатталды.
Ауыл олимпиадасынан облыстан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Калибекованың дайындауымен 11 «А» сынып оқушысы Шүкірбай Кемал ІІІ-орын, 10 «Ә» сынып оқушысы Еламан Балнұр ІІ-орын алды. Ал, химия пәні мұғалімі А.Абилованың дайындауымен 7 «Ә» сынып оқушысы Пернебек Кәусар Алғыс хатпен марапатталды. «Алтын сақа» олимпиадасынан аудандық кезеңінде математика пәнінің мұғалімі К.Астаеваның дайндауымен 5 «Ә» сынып оқушысы Жалғас Еркеназ ІІІ-орын алды.
«Үздік авторлық бағдарлама» номинациясымен информатика пәнінің мұғалімі Н.Өтебек марапатталды. «Озат тәжірибе» аудандық кезеңіне тарату информатика пәнінің мұғалімі Н.Өтебек алды. «Педстарт-2024» ІІІ-орын математика пәні мұғалімі Онгарбаева Ғалия алды.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы ашылды. Оның мақсаты балалардың әл-ауқатын жақсартуға, мемлекеттік орта білім ұйымдары мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтуға жағдай жасау. Жетісай аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Қыздарға 100 кеңес» жобасы аясында 9,10,11-сыныптарда оқитын қыздарға ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ерте жүктілік-ертеңгі үлкен күдік» атты тақырыпта апталық өткізілді.
Мектепте оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында 12 үйірме ашылған болатын. Оның 3-ақылы негізде, қалғандары ақысыз жұмыс істейді. Барлық үйірмелердің жұмыс жоспары, журналы, өткізу кестесі жасалған, бекітілген. Дене шынықтыру пәні бірлестігіндегі 4 үйірме («Волейбол», «Футбол», « Үстел теннисі», « Тоқызқұмалақ») мен «Жас географ», «Жас ұлан», «Жас тарихшы», «Жас шекарашы», «Шебер қолдар» үйірмелері өткізген іс-шараларын әлеуметтік желелерге жариялап отырады. «Футбол», «Волейбол», « Жас шекарашы» үйірмелерінің жетекшілері Өтебеков Н, Барлыбаев Ж, Қайқиев Д, Сейтмұратов Б, Кеттебеков Ж. оқушылармен бірге өңірлік, аудандық жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Атап айтар болсақ, «Жас ұлан» үйірмесі бойынша Таскараева Сапаркүлдің оқушысы Қалжігіт Назерке ауданда діни экстремизм бойынша өткізілген шығармашылық бәйгеден 1-орын алып, облыстық байқауға жолдама алды. «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі Тастеков Нұрбек дайындаған Серғали Таңатар аудандық «Жас өнертапқыштар байқауынан» жүлделі орынға ие болып, облысқа жолдама алды.
№35 «Қараөзек» ЖББМ-те «Өзін-өзі басқару» ұйымының жоспары жасалған. Жыл басында бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Ұйым президенті Тұрғанбай Әдемі айына бір рет жиналыс жасайды.
Төтенше жағдайлар министрі Семби Оралдың бастамасымен 1-11 сынып оқушыларына төтенше жағдайлар туындаған жағдайда алғашқы жасалатын әрекеттер туралы түсіндіріліп, оқу-жаттығу жұмыстары өткізілуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткізілген республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері белсене атсалысты. Ағаш егу, мектеп ауласын тазалау, игі істер атқару жұмыстарына үлес қосты.
Мектепте Жетісай ауданының білім бөлімінің басшысы Ғ.Шүкірбаева мен бірнеше мектеп директорларының қатысуымен Қуандықов Бердібай атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті (А.Аманжолованың жетекшілігінде) және Қалдыбек Байтілеуов атындағы информатика кабинеті (Н.Өтебектің жетекшілігімен) ашылды. Қорыта айтқанда, 2023-2024 оқу жылына жоспарланған жоспарлар толық атқарылды. Өткізілген барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерге жарияланды.
2024-2025 оқу жылы мектептегі сыныптан тыс іс-шаралар «Білім күнін» мерекелеумен басталды. Салтанатты жиынға 1, 4, 9, 11 сыныптағы өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері толық қатысты. Жиыннан соң сынып жетекшілері «Мектебім- мейірім мекені» тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті. Бұдан кейін 5-10 қыркүйек аралығында «Тілдер мерекесі» онкүндігі өткізілді. Ашық сабақтар, түрлі сайыс сабақтар, «Тіл-рухани қазына» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Атқарылған іс-шаралар әлеуметтік желілерге жарияланды.