«Ұстаз-ұлағатты есім». Ұстаз – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып бойына жаксы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар және тәлім-тәрбие беріп, әрқашанда өзгелерге жол сілтеуші, қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен сәулесін шашып, мейірім шапағатын төгіп тұратын тұлға.
Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам мен халық өзінің үміті мен болашағын тапсыратын сенімді өкіл. Ұстаз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Ардақты ұстазымыз 42 жыл мектепте жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген Ордабасы ауданындағы Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ербосынова Қалдыкүл Амалбайқызы.
Ербосынова Қалдыкүл Амалбайқызы еңбек жолын 1982 жылы бастаған. Педагогикалық еңбек өтілі – 42 жыл. Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беретін мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келеді.
1987 жылы Шымкенттегі педагогикалық институтты орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша аяқтаған. Білімі жоғары, жоғарғы санатты, педагог-зерттеуші ұстаз. Еңбек жолында республикалық, облыстық, аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттарды иеленген.
«Ұстазы мықты, ұстанымы мықты» дегендей осы уакытқа дейін тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан шәкірттері талай биік белестерді бағындырып келеді. Осы еңбектері бағаланып, осы уақытка дейін түрлі марапаттарға ие болды. Атап өтер бослақ, ол 2015 жылы облыстық «Оңтүстік Қазақстан облысы үздік мұғалімі» медалімен марапатталып, кітабына үздік сабағын жариялаған. 2015 жылы республикалық әдістемелік жұмысы озық үлгіде баяндалып, «Өз ісінің шебері» дипломымен марапатталған. 2017-2018 оқу жылының аяғында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Орыс тілі» пәні бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды. 2020 жылы республикалық «Құрмет грамотасымен» марапатталып, алғыс хаттарға ие болды. 2020-2021 оқу жылында шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін республикалық «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2020 жылы ҚР-ның білім саласына қосқан елеулі еңбегім үшін Қазақстанның педагогикалық академиясы шешімімен «Ұлағат» төсбелгісімен марапатталды. 2020 жылы «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Әріптес туралы сыр» байқауына белсене қатысқаны үшін аудандық кәсіподақ комитетінің дипломымен марапатталды. 2021 жылы Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 2021-2022 жылы оқушылар арасындағы облыстық пәндік олимпиададан оқушысы 3 орын иеленгені үшін «ІІІ дәрежелі дипломмен» марапатталды. 2021-2022 жылы оқушылар арасындағы аудандық пәндік олимпиададан оқушысы Екудаева Сабина 1 орын иеленгені үшін Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «І дәрежелі дипломмен» марапатталды. Республикалық қоғамдық бірлестігі «Білім шыңы-Ғылым сыры» журналы редакциясының 2022 жыл қыркүйек №010 шешімі бойынша «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. 2023 жылы Түркістан облысы №5234 «Құрмет грамотасымен» облыстық кәсіподақ комитетінің марапатына ие болды. 2022 жылы аудандық кәсіподақ комитетінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Ұстаздың жұмысының жетісі оның оқушыларының жетістіктерімен өлшенетіні сөзсіз. Сондықтан, Ербосынова Қалдыкүл Амалбайқызы үздік оқушыларының жетістіктері жайлы да айта кетейік, Ұлы Жеңіс күніне арналған аудандық сырттай эссе байқауында жүлделі 2 орынға ие болып, оқушысы Ербосынова Лаура марапатталған. 2021-2022 оқу жылында «Республикалық ғылыми жобалар» сайысынан «Орыс әдебиеті» секциясы бойынша оқушысы Күлбаба Нұрбала ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасынан І дәрежелі дипломмен 9 сынып оқушысы Артай Мейіржан Жандосұлы марапатталды. 2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасынан І дәрежелі дипломмен 11 сынып оқушысы Екудаева Сабина Арманқызы марапатталды. 2023-2024 оқу жылындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиадасынан ІІ дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушысы Аділ Әсел Асхатқызы марапатталды. Оқушылары түрлі сайыстар мен олимпиадаларға қатысып, облыстық, аудандық жүлделі орындардың иегері болды.
Мұғалім ретінде оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, оқушының жан дүниесін түсіне білетін кішіпейіл, инабатты қасиеттерді беретін білікті ұстаз. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. Білімін үнемі жетілдіріп отырады, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол 3 баланың аяулы анасы, 13 немеренің әжесі.