Түркістан облысының қыз-келіншектері отбасының ұйытқысы ғана болып қоймай, қоғамның барлық саласында нәтижелі еңбек етіп, түрлі марапаттарға ие болуда. Солардың бірі — Абдукаримова Нилуфар Жамалқызы. Ол 1974 жылы 10 қыркүйекте Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Ескі Иқан ауылындағы ВЛКСМ(казіргі таңда Әл-Фараби) атындағы жалпы білім беретін мектебі) мектебінің табалдырығын аттап, аталған мектепті 1991 жылы аяқтаған. Білімін жетілдіру мақсатында 1991-1995 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасындағы ТГПИИЯ атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтында «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша білім алып шыққан.
Еңбек жолын 1996 жылы Ю.А.Гагарин казіргі таңда (Х.А.Яссавий)атындағы жалпы білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданып, 2000 жылы ағылшын тілі пәні» мұғалімі болып ауыстырылды.2004-2006 жылдар сол мектепте «педагог психолог «мамандығына ауыстырылды. 2006-2008 жылдар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2008-2012 жылдар аралығында сол мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды. 2013 жылдан бастап № 25 жалпы орта мектебіне директорының оқу-ісі жөнінде орынбасары болып ауыстырылды.
Қазіргі таңда осы білім ордасында шәкірттеріне дәріс беріп, «Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі болып өз жұмысын жалғастыруда. Кейіпкеріміз оқу үдерісінің тиімділігін арттыру жолында үнемі ізденісте жүріп, заман талабына сай озық оқыту технологияларын, жаңашыл әдістемелерді тиімді қолданып келеді. Сол жолда 2024 жылдың 12 тамызда «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін»төсбелгісімен марапатталған. Сондай-ақ, еңбек еткен жылдарында білікті ұстазымыз қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің арқасында көптеген жетістіктерге де жеткен.
Қол жеткізген жетістіктеріне келер болсақ, 2016 жылы 12 тамызында «Ыбырай Алтынсарин » медалі және төсбелгісімен, 2021 жылы «Самғау» медалімен, 2015 жылы «Білім беру ісінің үздігі» медалімен, 2024 жылы Түркістан облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен, 2022 жыл Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Мадақтамасымен марапатталған. Сонымен қатар ұстаздар арасындағы түрлі байқауларға қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді.
Айта кетейік, жақында облыс әкімі Дархан Сатыбалды ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, өңірдің білім саласында жеткен жетістіктерімен де бөлісіп, елеулі еңбектің бәрі ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өтті. Өңір басшысы республикалық, облыстық олимпиада және спорт жарыстарының жеңімпаздарын дайындаған 30 мұғалімге өз атынан марапат ұсынып, арнайы сыйлықтар табыстады. Оның ішінде 10 ұстаз «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі мен 20 педагог Құрмет грамотасын алып, 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақымен ынталандырылды.
Көпшілікті таңғалдырған кеш тосын сыймен жалғасты. Дархан Амангелдіұлы айрықша еңбегімен көзге түскен ұстазды ерекше марапаттады. Шәкірті 42 елдің оқу орындарынан шақырту алған «Түркістан Білім-инновация» лицейінің география пәнінің мұғалімі Бастами Арғын Ержанұлына облыстың атын елімізден бөлек, әлемге танытқан ерен еңбегі үшін көлік кілтін табыстады. Оның шәкірті Ислам Әбдірахманов қазір АҚШ-та оқып жатыр. Бұдан бөлек, оқушылары республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған, өзі іскер, белсенді, облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері Төлеби ауданы, Қосан Мамытов атындағы мектебінің биология пәнінің мұғалімі, 6 баланың анасы Нұрилла Баймаханқызына ноутбук тарту етілді.