Сарыағаш ауданында Республика күні мерекесіне орай бірнеше жаңа нысандар ашылып, пайдалануға берілді. Өңірдегі жаңа медициналық нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев пен Түркістан облыстық мәслихат депутаттары арнайы қатысты.
Алдымен, Жаңатұрмыс елді мекеніндегі тәулігіне 25 тұрғынды қабылдай алатын медициналық алғашқы көмек көрсететін дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарының игілігіне табысталды. Одан соң, Жемісті елді мекеніндегі заманауи үлгідегі дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты өтті. Дәл осындай үлгідегі амбулатория Жемісті ауылдық округі Тың елді мекенінде де ашылды.
Медициналық нысандардың құрылыс жұмыстары «Ауыл-ел бесігі» бағдарлама аясында жүзеге асқан. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандырылған амбулаторияда тіс дәрігері, узи кабинеттері, зертханалық кабинеттері бар.