Шағын және орта бизнесті өркендету – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Экономиканы отандық өнім көлемін арттыру арқылы көтеруді көздеген мемлекетімізде бұл саланы дамытудың түрлі жолдары қарастырылып жатыр. Соның бірі инвесторларды тарта отырып, өндіріс орындарын көбейту болып табылады.
Жеке кәсіпкерлерді қолдау, оларға лайықты жағдай жасау мақсатында құрылған Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне қарасты индустриалдық аймағында ілкімді істер аз емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын құрылған аймақтың аумағы алғашында шағын ғана болатын. Қазіргі таңда оның жалпы ауданы 43 га, Инфрақұрылымға 4 га, жобаларға 10 га берілген. Бұл аймақта 29 гектар жер бос тұр. Аталған аймақтағы бос жерлерге де елімізге қажетті заттарды өндіретін жобалар салынатын болса, қала тұрғындарының жағдайы едеуір жақсаратыны хақ.
Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің міндетін атқарушы Ерлан Жомарттың айтуынша, қазіргі таңда мұнда 10 жоба орналасқан. Атап өтер болсақ, «ЮгЭлектропривод» ЖШС, «ЭлектроДеталь» ЖШС, «Әуезов» ЖК, «Таженов» ЖК, «СимТас» ЖШС, «Халтаев» ЖК, «Кентау аспап құралдары» ЖК, «Береке Құрылыс» ЖШС, «DataFarm» ЖШС және «МЖ-Алихан» ЖК. Қазіргі таңда 3 жоба «Береке Құрылыс» ЖШС, «DataFarm» ЖШС және «МЖ-Алихан» ЖК өз жұмысын тоқтатқан. Аталған жобаларды индустриалды аймақтан шығару бойынша жұмыстары «Turkіstan ИАБК» ЖШС мен тұрақты жүргізілуде. Сонымен қатар, «АБН-Альянс» ЖШС құрылыста қолданылатын керекті пластикалық бұйымдар шығару жобасын Кентау индустриалды аймағына енгізу бойынша «Turkіstan ИАБК» ЖШС-мен бірлесе келіссөздер жүргізіліп жатыр екен.
— Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, облысқа келген инвесторларға өзіміздің қаланың мүмкіншіліктерін көрсететін боламыз. Бүгінгі таңда, келген инвесторларға көрсететін мүмкіншілігіміз де бар. Кентау қаласы аумағына жақын орналасқан кен орындарын, Байылдыр қалдық сақтау қоймасы және Ащысай қалдық сақтау қоймасын, қаламыздағы арнай экономикалық аймақ және индустриалды аймақтың жеңілдіктерін ұсынамыз. Өңірімізде өндіріс саласын дамыту, жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында біраз жобаларды қолға алып жатырмыз. Таяуда жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін жобалар индустриалды аймаққа тартылып, құрылыс жұмыстарын бастамақ. Алдағы уақытта жобалар санын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, — деді Жомарт Махаибетғалиұлы.
Ал 2024 жылы Кентау қаласына бекітілген инвестиция көлемі 50 млрд. теңгені құрайды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2024 жылдың 8 айында 16 200 239 мың теңгені құрап отыр. Ал, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 130,6 пайызды құрады. Бұл дегеніміз қала тұрғындарының әлаухатын жақсарту мақсатында қарқынды жұмыстың атқарылып жатқаны байқалады. Кенді шаһарға инвестиция тарту арқы бірнеше жұмыс орындары ашылды. Бұл жұмыссыздық деңгейін де біршама төмендетті деген сөз.
Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласына келер болсақ, 2024 жылдың 8 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 32 869 577 мың. теңгені құрап, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 102,5% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде осы жылдың 8 айында 28 716 305 мың теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,6 пайызды құрап отыр.
Мұнда кәсіпкерлер үшін түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Кәсіпкерлер құжат ресімдеу барысында уақыт жоғалтпайды, барлық жұмыс «Бір терезе» қағидасы аясында атқарылады. Өз жобасымен келген кәсіпкер тізбеге сәйкес қажетті құжаттаманы жинақтап, басқарушы компанияға ұсынса жетіп жатыр. Ал, индустриалдық аймақ өкілдері еліміздің өзге өңірлеріне, тіпті шетелдерге де шығып, инвесторлармен кездесулер ұйымдастырып, келіссөздер жүргізіп, өңірдің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ұсынатын болады.
Бөлім басшысының міндетін атқарушы Жомарт Махаибетғалиұлының айтуынша, инвесторлар тартуға облыстық әкімшілік, облыстық «Атамекен» кәсікерлер палатасы қалалық және аулыдық әкімшілік, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан да көптеген жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді. Биыл көктем айында қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен кәсіпкерлер шетелге іссапармен барып бірқатар келіссөздер жүргізіп қайтты.
Кентау қалалсындағы «Экскаватор» АҚ зауытын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы №693 қаулысына сәйкес арнайы экономикалық аймақ құруға «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймақты басқарушы компаниясына берілген болатын. Жер аумағы 35 гектар. Инфрақұрылыммен қамтылған. Жалпы экономикалық аймақтағы салықтық жеңілдіктеріне келер болсақ, корпоративтік табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы, қосымша құн салығы (ҚҚС-НДС), АЭА аумағына тауарларды алып келу кезінде кедендік баждарды төлеуден босату. Жер учаскелерін 25 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға немесе жалға беру қарастырылған.
Сонымен қатар, Кентау қаласында орналасқан Арнайы экономикалық аймақта қазіргі таңда 3 ірі кәсіпорын орналасқан. Аталған кәсіпорындар халыққа қажетті өнімдерді шығарумен айналысады. «Темір Бетон» ЖШС-гі темір бетон бұйымдарын жасайды. Аталған кәсіпорнның жоба құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Жоба қуаттылығы жылына 2500 м3.2 өнім шығаруды жоспарлауда. Сондай-ақ, «Tas Concrete» ЖШС-гі цемент және бетон бұйымдарын жасау жобасы, жоба құны 150 миллион теңге, жоба құаттылығы 60 000 м3 брусчатка, 26 000 м3 бордюр өндірмек. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймаққа Қытай инвесторларымен «Кентау Red Star» ЖШС-гі құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын кірпіш шығаратын зауыты орналастырылуда. Жобаның қуаттылығы жылына – 45 млн. дана кірпіш шығаруды жоспарлап отыр. Бұл жоба ашылған сәттен бастап 80 адамды жұмыспен қамтымақ. Бұл дегеніміз, қаладағы жұмыссыздық деңгейі төмендемек Аталған жоба 2024 жылдың қараша айында іске қосылады.
Кентау индустриалды аймақты жалға алған кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер де қарастырылған. Аталған жеңілдіктерге тоқталар болсақ, 1 шаршы метр жер телімінің сатып алу құны — 225 теңге, жалға алу құны – 18,6 теңге. Ауыз су құны 1м3 — 74,5 теңге. Электр қуаты 1кВт – 25 теңге.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 11 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. «Халтаев» ЖК — жоба құны – 81 млн. теңге. «Кентау аспап құралдар цехі» ЖК – жоба құны — 400 млн.теңге. «КазОйлЭнерджи» ЖШС — 2024 жылы қаржыландырылатын инвестиция көлемі – 7 млрд.теңге. «Анетов» ЖК — жоба құны – 300 млн. теңге. «TAS CONCRETE» ЖШС — жоба құны – 150 млн. теңге. «Уркер» ЖШС — жоба құны – 400 млн.теңге. Осы жылдың шілде айында аталған жоба өз жұмысын бастады. «Кентау Red Star» ЖШС — жоба құны – 1,5 млрд. теңге. «АйдарСтрой Групп» ЖШС — 2,25 млрд. теңге. ИП «Махмудов» – 110,0 млн. теңге, ИП «Маматраимов» — 250,0 млн. теңге. «SALIH-SHIPANUR» ЖШС- 100 млн. теңге. Жаңадан ашылатын бұл жұмыс орындарына 2025 жұмысшы тартылмақ. Бұл дегеніміз қаладағы бірқатар жұмыссыз адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, қаланың экономикалық деңгейі де көтеріледі. Оқуды жаңа бітіріп қолына диплом алған жастарымыз жұмыс іздеп еліміздің өзге өңіріне жұмысқа кетпейтін болады деген сенімдеміз.
Тағы бір атап өтер жайт, кенді шаһарда шағын және орта кәсіпкерлік секторы жылдан жылға дамып келеді. Жыл басынан бері шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6443 жетіп отыр, олардың арасында белсенді болып табылатын 6293 шағын бизнес өкілдері. 2024 жылдың 1 сәуірдегі мәліметі бойынша 9267 адам шағын бизнес мекемелеріне жұмысқа орналасқан.
— Кентау қаласы және оған қарасты елді мекендерде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ-нің мамандарының қатысуымен ауыл тұрғындарымен «Бизнес жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы мен «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 пайыздық несие берілетін жеңілдіктер бойынша әр тоқсан сайын кездесулер өткізілуде. Осы жылғы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 97 адам яғни 477 млн теңге несие алуға ниет білдірген, оның ішінде 57 адам Қарнақ, 30 адам Хантағы, 13 адам Байылдыр және 3 адам Ащысай ауылынан өтініш берілген болатын. Осы жерде айта кететін мәселе биылғы жылы алдымен кооперативтер қаржыландырылмай жеке кәсіпкерлер қаржыландырылмайды. Сондықтан да, мемлекеттен бөлінген қаржы кооперативтерге беріліп, олар өздерінің бизнестерін бастауда, — деді ол.
Қала бойынша ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 2,5 млн.теңге, нақты көлем индексі 103% құрады. Кентау қаласы бойынша жоспарға сәйкес, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар — 1 млрд 200 млн.теңге. Оның ішінде жылдық қортындыға сәйкес 1,2 млн.теңге игерілген. АӨК Негізгі капиталға тартылған инвестициялар: Кентау қаласы бойынша 2,1 млрд.теңге. Орындалуы 0,11 млн.тг. Тамақ өнімдерінің негізгі капиталына инвестициялар тарту, 118,1 млн. теңге. Бұл қаржы жыл қорытындысымен орындалатын болады. Егіс көлемі – 2,5 мың га. Көрсеткіш бойынша 100% орындалған.
Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен де жұмыстар жүргізуде. Олардың бірқатарын анықтап, заң тұрғысында шара да көрілген.
— Қала аумағында тиісті рұқсат құжаттары бар жалпы саны 6 заңды жер қойнауын пайдаланушылар бар. Аталған заңды жер қойнауын пайдаланушыларға сараптама жасалып, оның ішінде, 4 жер қойнауын пайдаланушы толық қуатта жұмыс жасап, 1 жер қойнауын пайдаланушы қазіргі таңда, уақытша тапсырыстардың болмауына орай жартылай жұмыс жасап жатқаны және 1 жер қойнауын пайдаланушының жұмысы толығымен тоқтап тұрғаны анықталды. 2024 жылға Кентау қаласының аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерінің алдын алу шараларын атап өтер болсам, қала аймағында заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтау, мониторинг жұмыстарын жүргізу бойынша жұмысшы топ құрылды. Қала әкімдігінің және бөлімнің әлеуметтік желі парақшаларында ескерту және жер қойнауын пайдалану фактілеріне қатысты ескерту және видео материалдар да жариялануда. Осы жылы жұмысшы топ мүшелері және бөлім қызметкерлері аталған бағытта 39 рейдтік іс-шара өткізілді, — деді Жомарт Махаибетғалиұлы.
Қазіргі таңда қаланың Шұғыла, Қаратау мөлтек аудандарына және су қойма айналасына мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Кентау қаласы аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілерін азайту, жер қойнауын заңсыз пайдаланушыларға қарсы күресті күшейту мақсатында Қарнақ, Хантағы, Байылдыр және Ащысай ауылы аймақтарында жер қойнауын өз бетінше пайдалануды болдырмау жөнінде мобилді топтар құрылды. Қарнақ, Хантағы, Байылдыр және Ащысай ауылы аймақтарында жер қойнауын заңсыз пайдалануды азайту және оны болдырмау үшін жүйелі түрде рейдтік іс-шара ұйымдастырылуда.
— 2024 жылы заңсыз жер қойнауын қазу және тасымалдау бойынша 19 факті анықталған, 17 факті бойынша Кентау қалалық полиция бөлімі тарапынан Түркістан облысы экология департаментіне тиісті хат жолданған және Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан Кентау қалалық полиция бөліміне заңсыз жер қойнауын қазу бойынша анықталған 2 материал жолданды, — деді Жомарт Ерлан.
Кентау қалалық полиция бөлімі тарапынан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 630 бап 1 тармақ бойынша – 77 хаттама түзіліп 295360 тг айппұл салынды, 593 бап 1 тармағы бойынша – 34 хаттама түзіліп 313820 тг айппұл салынды.