№ 60 жалпы білім беретін мектеп өткен оқу жылын 60 сынып комплектісі, 1526 оқушы санымен аяқтаған болатын. 11 сыныпты 108 оқушы бітірсе, соның 90-ы жоғары оқу орындарына түсті. Бұл үлкен көрсеткіш. Бітіруші түлектердің 37-і грант иегері атанды. Олардың ішінде Түркия мемлекетіндегі белді оқу орындарына, Н. Назарбаев университетіне түскендер де болды.
Ал, биылғы оқу жылын 53 (МАД сыныбы-2) сынып комплектісімен 1448 оқушымен бастадық. Мұғалімдер саны 128-ді құрады. Оның 7-еуі педагог-шебер, 37-сі педагог- зерттеуші, 44-і педагог-сарапшы, 20-ы педагог-модератор және 1-еуі педагог санатты мұғалім. Ата-бабамыздан мұраға қалған рухани құндылықтарымызды, байлықтарымызды түгендеп, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру біздің ұстаздар қауымының басты борышы.
2024-2025 оқу жылында мектептің даму жоспары құрылды. Соған сәйкес біздің мектептің басты миссиясы – сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру. Сонымен қатар, зерттеу арқылы оқытуды жақсарту. Мектептің даму жоспары негізінде біз алдымызға мынадай міндеттерді қойып отырмыз. Айталық, біріншіден, мұғалім – бағыт–бағдар беруші. Сол себепті оған оқушылардың ақыл – ой қабілетін, шығармашылық жеке дарындылығын, ғылыми-зерттеу дағдыларын инновациялық әлеуметтік-педагогикалық тұрғыда дамыту жүктеледі.
Екіншіден, мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеруде нақты ғылыми – әдістемелік көмек көрсету керек. Яғни, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, курстық даярлауды жоспарлау, өз бетінше білім алуын ұйымдастыру. Мектеп мұғалімдерінің оқу үрдісінде жаңа технологияларды оқып-үйреніп, бүгінгі күн талабына сай қолдана білу, шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасау.
Үшіншіден, мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін арттыру мақсатында, озық педагогикалық тәжірибені тарату жұмыстарын жүргізу. Шығармашылық жұмыспен айналысатын мұғалімдердің инновациялық әрекеттерін насихаттай отырып, білім сапасын арттыру және жұмыс мазмұнын инновациялық бағытта қалыптастыру.
Төртіншіден, педагог кадрлардың аттестациядан өтуін жоспарлау. Яғни, педагогикалық еңбектің біліктілігі мен кәсіптілігін, сапасын арттыруға ынталандыру, сондай-ақ нарықтық экономикалық қарым-қатынас жағдайында еңбекті саралау жолымен педогогтардың қорғаныстылығын қамтамасыз ету.
Бесіншіден, оқу-әдістемелік қамсыздандыру, оқу кабинеттерін ақпараттандыру жұмысы жүзеге асырылады. Оқу-әдістемелік және оқыту құралдары жиынтығы кабинеттің түріне білім стандартының талабына, оқыту жоспарына сәйкес болуын талап ету.
Алтыншыдан, орыс халқының ұлы педагогы Ушински «Бала балқытылған алтын» дейді. Сол балқытылған алтыннан қандай мүсін шығару мұғалімнің қолында. Сондықтан, дарынды оқушылармен жұмыс жасау және оларға қолдау көрсету. Дарынды балаларды анықтау, оқушылардың ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, олардың шығармашылық тұрғыдан дамуына мүмкіндік жасау.
Жетіншіден, оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау. Яғни, оқу үлгерімі төмен оқушылар мен жұмыс дағдыларын қалыптастыру.
Жетіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды ендіру жұмыстарын ұйымдастыру. Яғни, бәсекелестікке лайықты оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдаланып, білім берудің сапасын көтеру,
Сегізіншіден, 2024-2025 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру бойынша жылдық жұмыс жоспары жасалды. Соған сәйкес, мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру, білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау да біздің алдымызда тұрғын басты міндеттерді бірі.
Сонымен қатар, бала құқығын қорғау мақсатында үйде оқытудағы оқушылардың әлеуметтік психологиялық жағдайларына мән бере отырып, пән мұғалімдері мен сабақ кестелері бекітілді. Мектеп ұжымы «Қазыналы қария» атты жоба құрды. Бұл жобаның мақсаты — оқушыларды мектеп төңірегіндегі жалғыз ілікті қарияларға көмек беру арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеттерін нығайту. Үштік одақ жұмысын жандандыру мақсатында атаулы күндерге орай ашық есік күндерін өткізу жоспары бекітілді.
Одан бөлек, педагогтардың кәсіптік деңгейін көтеру, қолдау мақсатында мектептегі магистр дәрежесі бар мұғалімдермен арнайы 2 жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс тобының мақсаты – мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету. Мектепішілік бақылау жүйесі кестеге сай оқу мен оқыту сапасын сырттай бақылап отырады. Бұл жұмыс мектептің даму жоспары негізінде жүзеге асады.
Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту жұмыстары жүргізілді. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде 3 пәндік химия, биология, физика кабинеттері стандартқа сай толығымен жабдықталды. Алдағы уақытта мұндай пән кабинеттерін жабдықтау жүйелі түрде сұраныс беру арқылы жүзеге асады. Мектепте ағымдық жөндеу жұмыстары толығымен жасалды. 2024-2025 оқу жылындағы №1 педагогикалық кеңес өткізілді. Мектептің әкімшілік құрамы мен педагогтардың міндеттері мен мақсаттары кезекшілік кестесі, оқу жүктемесі, сынып жетекшілер мен кабинет меңгерушілері бекітілді.
Ж. Жұмағұлова,
№ 60 жалпы білім беретін мектептің директоры.