gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Р.Сейтметов атындағы театрда биыл 130-ға жуық қойылым қойылған

3 декабря, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Р.Сейтметов атындағы театрда биыл 130-ға жуық қойылым қойылған
Share on FacebookShare on Twitter
Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрының репертуарында ересектерге арналған 66, балаларға арналған 22 қойылым бар. 2024 жылы барлығы 129 қойылым көрсетіліп, 4 премьера көрерменге жол тартты. Биыл 10 айда театр репертуарындағы тундыларды тамашалауға барлығы 20 мыңға жуық адам келген. Бұл жайында театр директоры Арман Алиев БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Жыл басынан бері театр сахнасында су жаңа 4 шығарманы көрермен назарына ұсындық. Ақпан айында Қуандық Қасымовтың жетекшілігімен Асахмат Айларовтың «Келісімшарт бойынша қалыңдық» комедиясы көрерменге жол тартты. Мамыр айында режиссер Айдар Наурызбаевтың сахналауындағы Әлдихан Қалдыбаевтың сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қойылған «Жалғыз желкен» драмасы қойылды. Одан соң, қыркүйекте ұйғыр театрының көркемдік жетекшісі, режиссер Фархадбек Қанафиннің сахналауындағы орыс жазушысы Василий Шукшиннің «Ауыл әңгімелері» трагикомедиясы, қараша айында Атырау жастар театрының көркемдік жетекшісі, режиссер Мұқанғали Томановтың сахналауында қырғыз-қазақ жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» қойылымдарының премьералары өткізілді»- деді спикер.
Сонымен қатар, биыл театр ұжымы бірқатар халықаралық жарыстардан жүлдемен оралған. Көкшетау қаласында өткен Сәкен сері Жүнісовтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген II халықаралық «СӘЛЕМ» комедиялық театр фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталса, Ресейдің Барнаул қаласында өткен В.Шукшин атындағы II халықаралық «Здравствуйте, люди!» театр фестивалінде, Оман мемлекетінде өткен «ДОФАР» I халықаралық театр фестивалінде «Алғыс хаттарға» ие болған.
Сондай-ақ, театр басшысы Түркістан қаласының «Оқушылар сарайы» кешенімен бірлесе отырып, Қанат Шериевтің «Теңіз астындағы жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертегісінің дайындық жұмыстарына кірісіп кеткенін жеткізді.
Previous Post

Үкімет ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ету, бәсекелестікті реттеу және қорғау есебінен инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар кешенін жалғастырады

Next Post

Түркістандық делегацияның Түркияға іссапары барысында 9 меморандумға қол қойды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz