gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Созақ ауданының коммуналдық сала өкілдеріне 27 техника тапсырылды

19 декабря, 2024
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Созақ ауданының коммуналдық сала өкілдеріне 27 техника тапсырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Созақ ауданына 27 жаңа техника жеткізіліп, коммуналдық қызмет көрсету мекемелеріне тапсырылды. Техникалар 12 кент пен ауылдық округтерге, сондай-ақ «Созақ сәулет» және «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына табысталды. Жаңа техникаларды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков табыстап, тұрғындарының өмір сапасы мен ауыл тазалығын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жаңа бастамалардың маңыздылығына тоқталды.

– Жаңа техникалардың жеткізілуі тек коммуналдық қызметтерді жаңартып қана қоймай, ауданның таза әрі көрікті болуына да үлкен мүмкіндік береді. Ауылдар мен елді мекендерді абаттандыру, көшелердің тазалығы сынды мәселелер обылыс басшысының жіті бақылауында. Ауылдарымыздың әрбір тұрғыны таза ортада өмір сүріп, туған жеріне деген сүйіспеншілігі артса, біздің мақсатымыздың орындалғаны деген сөз. Қоғамдық жұмысқа жаңа техника қосылған сайын ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы да нығая түседі, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Шарада еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков жаңа техникалар экологиялық және әлеуметтік жағдайды жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.

Алынған техникалар қатарында LONKING доңғалақты тиегіш, «Shacman 6×4» жүк машинасы, DongFeng ассенизаторы, бульдозер, КАМАЗ-65115 аралас жол көлігі (суару, жуу, қар тазалағыш) және қоқыс тасығыш КАМАЗ-43253 көлігі, JCB 3CX маркалы тиегіш экскаватор мен ассенизатор машинасы, сондай-ақ Газел Next автокөлігі сатып алынды. Бұл техникалар коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға және аудан инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар барлық 12 кент және ауылдық округке Беларус-922.3 маркалы тракторлары жеткізілді.

Еске сала кетсек, жыл басынан бері 12 кент және ауылдық округке жоғарғы кеңістіктегі жұмыстарды оңтайландыратын электрлі көтергіш машиналары алынды. Бұған демеушілік арқылы алынған арнайы қоқыс тасымалдауға арналған жетек, көше сыпыру және қар тазалауға қажетті жабдықтармен толықтырылған 5 дана жаңа Беларус 80.1 маркалы тракторлары да қосылып, жаңа техникалардың жалпы саны 44-ке жетті.

Previous Post

Түркістан облысында биыл заңды тұлғалар үшін электр энергия тарифі 12,4%-ға төмендетілді

Next Post

Түркістан облысында 48 отбасы баспаналы болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz