gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді

25 января, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді
Share on FacebookShare on Twitter
Жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету биылғы жылдан басталады. 30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.
Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру. Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды. Оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 12 млрд-тан астам теңге бөлінді.
Сондай-ақ Заң мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын оқушылар үшін әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуді көздейді. Бұрын «Жалпыға бiрдей білім беру» қорынан мектеп керек-жарақтары мен кеңсе тауарларын сатып алуға көмек тек мемлекеттiк мектеп оқушыларына ғана көрсетiлген болатын. Енді ол жекеменшік мектеп оқушыларына да қатысты болады.
«Жаңа заң аясында жергілікті атқарушы органдарға меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік осал отбасылардың барлық балаларына әлеуметтік көмек көрсету құзыреті беріледі. Бұл барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», — деп мәлімдеді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік санаттағы 5-11 сынып оқушылары үшін мемлекеттік мектептерде тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында мемлекеттік мектептерде оқитын 1,7 млн-нан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында 510 мың оқушыны құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қосымша 22,5 млрд теңге бөлінді.
Previous Post

Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды: олардың құқықтарын қорғау үшін мемлекет қандай заңнамалық шараларды күшейтуде?

Next Post

2025 жылы Қазақстандағы қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz