gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қоғамда көзқарас қайшылығын тудыратын мәселелерді мұқият талқылау қажет

17 января, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қоғамда көзқарас қайшылығын тудыратын мәселелерді мұқият талқылау қажет
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен жылдың бірінші наурызынан бастап елі­мізде бірыңғай уақыт белдеуі енгізілді. Әрине, бұған Үкімет ғалымдар мен сарап­шылардың қызу тал­қы­сынан кейін, яғни бұл мәсе­лесі жан-жақты саралап, оның пайдалы тұстары болғаннан соң ғана келді. Дегенімізбен, қоғамда әлі де мұның жай-жапсары әңгіме болуда.

Әзірге белгілі болғандай, елі­міз­де бірыңғай уа­­­қыт белдеуі өзгер­­мей­тіні туралы ресми түрде мәлімдеме жасалды. Сала мамандары қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдерді келтіріп, ғалымдар мен сарапшылардың сауалына нақ­ты жауап беруге тырысуда. «Біз бірың­ғай уақыт белдеуіне бекерден-бекер ауысып отырған жоқпыз. Еліміздің көптеген аймақтары UTC+5 уақыт белдеуінде орналасқан. Сол себепті бұл қай жағынан алып қарағанда да дұрыс шешім болып отыр» дейді олар.

Ал, екінші тарап ел аума­ғының қандай география­лық уақыттық белдеуде орналас­қан­дығына, ол белдеулердің ел аумағының қандай бөліктерін алып жатқандығына көңіл бөлінуі керек дегенді алға тартады. Бұл  әлемде қа­был­данған уақыт белдеулерін бөлу және орналастыру тәртібіне сәйкес келуі керек дейді. Қазақстан республикасының территориясы 4 сағат­тық уақыт белдеуде орналасқан. Атап айтар болсақ, – UTC +3 (еліміздің 7% аумағын қамтиды), UTC +4 (еліміздің 40,1% аумағын қамтиды), UTC +5 (еліміздің 48,5% аумағын қамтиды), UTC +6 UTC (еліміздің 3,7% аумағын қамтиды).

Осыны негізге ала отырып қарайтын болсақ, бір уақыт белдеуіне көшу­дің тұрғындардың денсаулығына, тұрмыс тіршілігіне әсер етері анық. Адамдардың ағзасындағы гормондардың, фер­менттердің және басқа да белсенді заттардың, сонымен қатар қан құрамы мен жалпы тепе-теңдіктің  сақталуының бұзылуына әкеп соғады. Өмір сүру сапасы төмендейді. Ал, ол өз кезегінде ел экономикасына кері әсер етеді. Адамдардың өмір сүру қағидат­тары уақытқа байланысты. Яғни, сағатқа, күнне, аптаға, айға дегендей.

Мемлекет басшысының жыл басында «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында осы уақыт белдеуіне қатысты пікір айтылды.

«Әрине, мен жағдайды көріп-біліп отырмын. Үкімет өз шешімінің орынды екеніне сенімді және Қазақстан бір уақыт белдеуінде болуы қажет деп санайды. Уақытты дұрыс пайдалану туралы Барселона декларациясында әртүрлі уақыт белдеуін енгізуге, оны қысқы және жазғы уақытқа ауыстыруға әуес болмау қажеттігі айтылған. Дегенмен, азаматтарымыз өтініш білдіріп жатыр. Үкіметтің шешіміне қатысты ашық талқылаулар жандана түсті. Меніңше, қоғамда көзқарас қайшылығын тудыратын мұндай мәселелерді мұқият талқылау қажет. Сондықтан Парламентте ғалымдардың, сарапшылардың және аймақ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Тараптар уақыт белдеуін ауыстырудың ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері жөніндегі барлық пікірді ескере отырып, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты. Содан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді. Парламент пен Үкімет бұл мәселені байыппен зерделеп, ортақ әрі дұрыс шешімге келетініне сенімдімін», — деді Президент.

Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде 175 ел бірыңғай уақыт белдеуін пайдаланады екен. Бұл тізімнің ішіне былтырдан бастап біздің еліміз де енді. Дегенмен, жоғарыда айтып өткеніміздей, ел тұрғындарының арасында әлі де әртүрлі көзқарастыр айтылуда. Меніңше, солардың ішінде ренішін білдіріп жатқандар көп. Олар бірыңғай уақыт белдеуінің пайдалы боларына күмәнмен қарайды. Бірі «Жұмыстан қайтқанда тым кеш қайттық» десе, екіншісі «таң ерте атып, ұйықтауға қолайсыз уақыт пайда болған секілді» дейді. Бұл мәселенің алдын алу үшін еліміздегі көптеген кәсіпорындар жұмысшылардың қараңғыда жұмыс істемеуі үшін жұмыс кестесін өзгертуге мәжбүр болып отыр.

Сонымен қатар, Президент ұлттық валюта бағымының тұрақсыздығы жайлы айтып өтті. «Қазақстан әлем экономикасының ажырамас бөлігі болғандықтан, теңгеге сыртқы факторлар әсерін тигізбей қоймайды. Доллардың нығаюынан дамушы елдердің валютасы қысым көреді. Зер салып қарасақ, көптеген мемлекеттің валютасы қараша айынан әлдеқайда бұрын әлсірей бастады. Ал, теңгенің бағамы ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтап тұрды.

Біздің валюта бағамын қолдан ұстап тұру тәжірибесінен бас тартқанымызға біраз уақыт болды. Нарық факторларына байланысты еркін бағам қалыптастыру жолын таңдадық. Мен теңгені күшейту үшін еліміздің алтын-валюта қорын босқа ысырап ету орынсыз деп санаймын. Нарыққа қатысы бар кейбір құрылымдар теңге бағамын басқаруға қолайлы ету туралы ұсыныстар айтып жүр. Ұлттық банк пен Үкімет оның бәрін мұқият қарастырып жатыр. Мәселені зерделеген соң бұл бағыттағы ұстанымымызды өзгерту қажет пе деген сауалдың жауабы белгілі болады. Басты мақсат – экономиканың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, нақты секторды қарқынды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру және тұрақты жұмыс орындарын көптеп ашу.

Ашығын айтсам, экономист басшылардың қазіргі жұмысын орташа деп бағалаймын. Олар халықаралық қаржы институттарының тілімен әдемі сөйлейді, алайда, нақты нәтижесі бар шаруа шамалы болып тұр. Қазір өңірлердегі ахуалды және экономиканың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін жақсы білетін, яғни жергілікті жерде еңбек етіп, ысылған мамандар қажет» деп Президент бұл саладағы білікті маман тапшылығын да тілге тиек етіп өтті.

Расында да білікті экономистер – қоғамның алға қарай ілгерілеуінің негізгі кепілі. Сондықтан, еліміздің экономикасын жоғары білімді, бәсекеге қабілетті экономист мамандармен қамтамасыз ету де бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

Мұхит МАХАЖАНОВ,

Кентау қаласының тұрғыны

Previous Post

Цифрлық құқық және жеке деректерді қорғау

Next Post

Дін мен ғылымның байланысы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz