gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл елімізде 19 млн. шаршы метр тұрғын үй салынбақ

27 января, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл елімізде 19 млн. шаршы метр тұрғын үй салынбақ
Share on FacebookShare on Twitter

Президент биыл «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында бірінші кезекте 2024 жылды қорытындылай келе, елімізде болған аса маңызды мəселелерді тілге тиек етті. Күрделі болса да жүйелі экономикалық реформаларды қолға алып, алдағы бес жылдық дамуымыздың берік негізін қалағанымызды атап өтті. Елімізде тосыннан келген топан судың зардаптарын ынтымақ пен бірліктің арқасында жеңгенімізді, зардап шеккен отбасыларға жаңа баспаналар салынып берілгенін, бірде-бір адамның үйсіз-күйсіз қалмағанын айтты. Осынау сындарлы сәтте жомарт жандардың қол ұштарын созғаны ұлтымыздың мызғымас бірлігін айқындай түскендей болды.

«Жалпы, өткен жыл оңай болған жоқ, тіпті күрделі жыл болды деуге келеді. Қазақстанға сыртқы факторлардың  салқыны тиді, табиғат апаты да жоспарларымызға әсер етті. Алайда, біз ахуалды бақылауда ұстап қана қоймай, жан-жақты реформаларымызды жалғастыра алдық. Осылайша, жасампаздық стратегиясы одан əрі жүзеге асырылып жатыр» деді Президент.

Қиыншылыққа ұшыраған жандарды барынша қолдап, қорғап, көмектесу біздің ата-бабамыздан бойымызға сіңген қасиет. Кешегі сұрапыл соғыс жылдарында аға буын біріне-бірі демеу болды. Төрінен орын ұсынып, қолындағы нанын бөлісіп жеді. Өткен жыл соңында Әзербайжан елінің ұшағы апатқа ұшырап, Ақтауға қонғанда жергілікті халық бір адамның баласындай білек сыбана жұмылып, ауыр жарақаттанған азаматтарға қолдан келген көмектерін берді. Адамгершілігі мол адал ниетті ұлт екенімізді осылайша бүкіл əлемге паш етті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы осы сұхабатында өзінің негізгі мақсаты мемлекетіміздің экономикалық əлеуетін, егемендігін жəне халықаралық аренадағы орнын нығайта түсу екенін баса айтты. Мемлекет басшысы болған сəттен бастап қазірге дейін қабылдаған шешімдерінің жəне оның түрлі салдары үшін бар жауапкершілікті өз мойнына алатынын, басқаша болуы мүмкін еместігін атап өтті.

Былтыр қоршаған ортамызды таза сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы іске асырылды. Бұл жайлы «Тазалықты сақтау жəне табиғатты аялау ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Орайы келгенде айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл елімізде 19 млн. шаршы метр тұрғын үй салыну жоспарланған болатын. Мемлекет басшысы «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған-ды. Қазіргі таңда өңірімізде сала мамандары осы жаңа заңға сәйкес, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қолға алуда. Мәселен,  осы жылдың 24 мамырынан бастап санатына қарамастан, соңғы 5 жылда атында тұрғын үйі жоқ азаматтар тұрғын үй кезегіне тұру мүмкіндігіне ие бола алады.

Кентау қаласында да соңғы кездері тұрғын үй салу ісі жақсы жолға қойылып келеді. өткен жылы екі тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100-ден астам адам баспаналы болды. Бұл жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Жалпы Президент тұрғын үй салуға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы бағытта жаңа жобалар әзірленбек. Өткен жылы Түркістан облысында 1 174 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ал, биыл жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 578 арендалық пәтер және 2 078 ипотекалық пәтер беру жоспарлануда. Жалпы Түркістан облысы құрылғалы, яғни 2018-2024 жылдар аралығында кезекте тұрған 7 567 отбасы коммуналдық тұрғын үймен қамтылған. Айта кетейік, мемлекет тарапынан жалдау ақысын субсидиялау және жеңілдетілген ипотекалық несиелер беру бойынша қолдау көрсету биыл да жалғасады.

Гүлдариға ЖҰМГЕЛДИЕВА,

Кентау қалалық мәслихатының депутаты

Previous Post

2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар мөлшері қаншаға артты

Next Post

Үкімет салық-бюджет жүйесін сауықтыру үшін кешенді шаралар ұсынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz