Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков №5 ЖЭО орталықтың жұмысымен танысты.
Биыл кентаулықтар сапалы жылуды тұтынып отыр. Көмір қоры да жетілікті. ЖЭО-та қалыпты жұмыс істеп тұр.
Жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаты Ұласбек Сәдібеков, қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов, «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров жұмысшылармен кездесіп, ұсыныс пікірлерін тыңдады.
Сонымен қатар Парламент Мәжілісінің депутаты Кентау қаласындағы “BASTAU” мектебінде және Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде болды. Ұрпақты білім мен спортқа тәрбиелеудегі ұжымның тынымсыз еңбегіне алғыс айтты.
Ал, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Әбдиев Ащысай ауылына арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндаған халық қалаулысы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Жиынға «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров, Кентау қаласы мәслихатының төрағасы Қаблан Елеусізов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қатысты.
Ащысайлықтар жұмыссыздық жайы мен газбен жабдықтау ісін шешіп беруді өтінші. Ерлан Әбдиев мәселелерді толық жазып алып, тиісті сала басшыларына жеткізетіндігін айтты.