gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда көшені ластаушыларға айыппұл салынуда

15 января, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда көшені ластаушыларға айыппұл салынуда
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» шарасы аясында сенбіліктер ұдайы өткізіліп келеді. Сондай-ақ, тұрғындар арасында тазалық сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары да тұрақты түрде жүргізілуде. Соған қарамастан кейбір тұрғындардың шығарған қоқыстары қала көшелерін бейберекет ластап жататыны анық. Қоқыс жәшіктеріне немесе белгіленген орындарға емес, рұқсат етілмейтін жерлерге қоқыс тастайтындар бар.

Осы мақсатта жауапты сала мен қалалық полиция бөлімі мамандарымен біргелікте рейдтік жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде, аулалардағы белгіленбеген орынға түрлі тұрмыстық қалдықтарды тастап жатқан азаматтар анықталып, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.

Егер де, тұрмыстық қалдықтарды ортақ пайдаланылатын орындарға, саябақтарға, аула сырттарына, оның ішінде белгіленбеген орындарға тастаған тұрғындар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарына сәйкес хаттамалар толтырылып, айыппұл салынатындығын мәлімдейміз. Қала – баршамызға ортақ! Сондықтан барша тұрғындарды қаланың тазалығына мән беріп, таза ұстауға шақырамыз.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Previous Post

ҚР ІІМ орынбасары С.Сәрсенов Түркістан облысы полицейлерінің атқарған жұмысын бақылап, облыс әкімімен кездесті

Next Post

Құнанбай қажы кім еді?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz