Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы А. Наурызбаев Кентау қаласының мемлекеттік қызметшілеріне Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің негізгі қызмет бағыттарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметтің облыстағы бүгінгі жай-күйі туралы ақпаратпен бөлісті.
Кездесуде департамент басшысы мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі ашықтық, осы бойынша Президенттің тапсырмасына сәйкес Агенттік мемлекеттік қызметке кіру және одан шығуды оңтайландыру бойынша мемлекеттік қызмет заңнамаларына өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар шаралар қабылдағанын айтты.
Солардың бірі, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәсілі «е-қызмет» жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны, ондағы кандидаттарды іріктеу жүргізудің ерекшеліктері, жоғарғы оқу орындарын үздік бітірген түлектердің мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылдануы.
Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілер көпшілік алдында сөйлеу кезінде Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және Әдеп жөніндегі уәкіл институты тиісінше жұмыстарды үнемі жүргізіп отыру қажеттігіне де тоқталды.
Бұдан басқа, кездесуде мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау, олардың жұмыстары бойынша блоктарға бөлу, мемлекеттік қызметшілерді ауысу тәртібімен тағайындау сияқты бірқатар мемлекеттік қызмет саласын реттейтін заңнамалардың нормаларынан түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Арайлым Қайратова «Мемлекеттік қызметшінің шешендік өнері» тақырыбында тренинг өткізді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, қызмет алу кезінде туындайтын әкімшілік кедергілерді жою және азаматтарға оңтайлы, жедел әрі сапалы қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді.



