Оқиға бүгін Кентау-Түркістан жол бойында болды.Кентау қаласына кіре беріс аумақта екі «audi» көлігі соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көліктің бірі қарсы жолаққа шығып кетіп екіншісімен соғысқан. Апат салдарынан көлік өртеніп, 6 адам қайтыс болды. Ал, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен Кентау қалалық орталық ауруханасына жеткізілді.
-Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесімен процестік шешім қабылданатын болады. Түркістан облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және қарсы жолаққа шықпауға шақырады. Жолдарда абай болыңыздар!,- делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.



