Кентау қаласында Түркістан облысы «Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК басшысы мен мамандары және қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболованың қатысуымен жиын өтті.
Жиынға қаладағы барлық медицина мекемелерінің басшылары мен мамандары, қалалық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы мен мамандары, жауапты бөлім мен мекеме басшылары, ауыл әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде бес мәселе қаралып, ұсыныстар жолданды. Атап айтқанда: Кентау қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру; Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу; Репродуктивті жастағы халық арасында АИТВ инфекциясының жұғынуының алдын алу; 2024 жылдың жылдық қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайын талқылау; Жүкті әйелдердің серіктестерін тексеру бойынша АИТВ инфекциясының жұғынуының алдын алу.
Жиында мамандар тарапынан бірқатар ақпараттар мен алдын алу бойынша ұсыныстар айтылып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Тұрғындар арасында да түсіндіру шараларын жүйелі қолға алу жайы пысықталды.