Кентауда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық ауыл олимпидасы, 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер олимпиадасы, «Ғылыми жоба», «Зерде» зерттеу жобаларының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жетекшілерін марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шарада қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусізов, білім бөлімінің басшысы Әділ Ауелбеков жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін құттықтап марапаттады.
Бұл жеңімпаздар өздерінің табандылығы мен еңбекқорлағының арқасында жетістіктерге жетті. Олар өздерінің қабілеттерін шыңдап, әр түрлі байқауларда өзін дәлелдей алды. Олимпиадаға қатысушылар үшін бұл тек жарыс емес, жаңа мүмкіндіктер берді.
Қазақстанның болашағы-білімді, талантты, еңбекқор жастардың қолында. Өткен жылды осындай жетістікпен тәмамдаған білімгерлер, 2025 жылды да жеңісті етеміз деп сенім білдірді.