Заң мен тәртіп қағидаты аясында Қарнақ ауылында кездесу өтті. Қала прокуратурасы ұйымдастырған басқосуда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары талқыланды. Жиынға мектеп оқушыларының ата-аналары мен прокуратура өкілдері және Жастар орталығының мамандары қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасында буллинг, құмар ойындар мен есірткі заттарының зияны және салдарлары түсіндірілді.
Кентау қаласының прокуратурасы