Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңында мемлекеттік сот орындаушысы – мемлекеттік қызметтегі және атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өзіне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды адам, ал жеке сот орындаушы– атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы екендігі айтылған. Атқарушылық іс жүргізу – бұл борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар.
Заңның 47-бабында атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi мен салдары туралы түсіндіріп өткен
1. Атқарушылық iс жүргiзу, егер:
1) өндiрiп алушы өндiрiп алудан бас тартса;
1-1) берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енсе;
2) өндiрiп алушы мен борышкер бiтiмгершілік келiсiмiн жасасса және оны сот бекiтсе;
2-1) атқарушылық іс жүргізу тараптары медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім жасасса;
3) шешiмде белгiленген талаптар немесе мiндеттер өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін қайтыс болған адамның құқықтық мирасқорына ауыспайтын болса;
4) борышкерді белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттейтін атқарушылық құжатты орындау мүмкіншілігі (белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартыну) жоғалса;
5) тиiстi органның атқарушылық құжатты бергенде негiзге алынған шешiмiнiң күшi жойылса;
5-1) соттың сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторға қатысты сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмаған міндеттемелерін тоқтату туралы шешімі немесе соттың төлем қабілеттілікті қалпына келтіру жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енсе;
6) өндiрiп алушы немесе борышкер болып табылатын заңды тұлғаны тарату аяқталса, құқықтық мирасқоры болмаған кезде не атқарушылық құжат борышкер болып табылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясына орындау үшiн жiберiлсе, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі немесе оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енсе;
7) атқарушылық құжаттың өндiрiп алу немесе өзге де талабы толық көлемде орындалса;
7-1) кәмелетке жасы келгеннен кейін алименттер өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болмаса;
8) заттарды өндiрiп алушыға беру туралы атқарушылық құжатты орындау кезiнде өндiрiп алушы борышкерден алып қойылған заттарды алудан бас тартса;
8-1) мүлікті тәркілеу туралы атқарушылық құжаттың орындалуы барысында борышкерде мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табысы болмаса, сот орындаушысы қабылдаған, оның мүлкін немесе табысын анықтау жөніндегі заңда көзделген шаралардың барлығы нәтижесіз болса;
9) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 354-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта құрылымдауды тоқтату туралы соттың шешімі заңды күшіне енсе;
10) ипотека «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес тоқтатылса, тоқтатылады.
- Атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда сот орындаушысы бір тәуліктің ішінде бұл туралы қаулы шығарады. Тиісті белгісімен атқарушылық құжатты не оның көшірмесін сот орындаушысы сотқа немесе құжатты берген басқа органға жібереді.
Атқарушылық іс жүргізудің тоқтатылуымен бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға тиіс. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1) және 7) тармақшаларының негізінде тоқтатылған, орындалғаннан кейін атқарушылық санкция, орындау бойынша шығыстар, өсімпұл және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын атқарушылық құжаттар бойынша орындалуын қамтамасыз ету шараларының күші олар өндіріліп алынғаннан кейін ғана тоқтатылуға тиіс.
Борышкер төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі және атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен интеграцияланған төлем жүйелері арқылы жүзеге асырған жағдайда, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату электрондық нысанда түзіледі және мәжбүрлеп орындату шаралары автоматты түрде тоқтатылады.
Сот орындаушысының іс жүргізу тоқтатылған атқарушылық құжатты орындау жөніндегі әрекеттері заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, тоқтатылған атқарушылық іс жүргізуді қайта бастауға болмайды.
Аблаев Бердибай Жаманбалаұлы
Кентау қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің сот орындаушысы