gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарға мемлекеттік грант көлемі артады

17 мая, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарға мемлекеттік грант көлемі артады
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Түркістан облысындағы колледждерде жаңа мамандықтарды енгізу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Осы ретте, мемлекеттік гранттар нақты қажетті мамандықтарға бөлінбек.

Өңірде еңбек нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету үшін жыл сайын бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлініп жатыр. 2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу үшін басқармалар мен аудан, қала әкімдіктерінен ұсыныстар жиналған. Аталған сұраныстарды нақтылау туралы тапсырма беріліп, бүгінгі күнге 100 мамандық бойынша 22 037 орынға қажеттілік анықталып отыр. 2024-2025 оқу жылына 15 500 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуге жеткілікті қаржы қаралып отыр. Алдағы оқу жылдарында Түркістан облысында бақ-саябақ шаруашылығы, жылыжай шаруашылығының операторы, ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандықтары ашылады. Одан бөлек, лифт шаруашылығы және эскалаторлар, ет және ет өнімдерін өндіру, хаус-мастер, ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы, темір жолдың вагондарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету мамандықтары ашылады деп күтілуде.

Previous Post

Түркістан облысында 1465 жұмыс орны құрылды

Next Post

Депутаттар облыстық жинақтау бекеті мен аумақтық қорғаныс бригадасының жұмысымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check