gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Татулық – бірлік бастауы

20 мая, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Татулық – бірлік бастауы
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ халқы қашаннан татулық пен бірлікті ту еткен ел. Сан ғасырлық тарихымызда бірлігін сақтаған жұрт – жойылмаған, керісінше, өсіп-өркендеген. Бүгінгі таңда еліміздің көпұлтты, көпконфессиялы қоғамы үшін татулық – тек рухани құндылық қана емес, ол – тұрақтылық пен даму кепіліне айналып отыр.

Татулық – адамдар арасындағы өзара сыйластық, түсіністік пен келісім. Бұл ұғым отбасынан басталып, қоғамға, мемлекетке дейін жалғасады. Егер отбасы мүшелері арасында татулық болмаса, ол шаңырақ шайқалады. Сол сияқты, бір ел ішінде алауыздық орын алса, халықтың ынтымағы бұзылып, елдің іргесі сөгілері анық.

Қазақстан – 130-дан астам ұлт пен ұлыстың ортақ Отаны. Түрлі тілде сөйлейтін, әртүрлі дінді ұстанатын азаматтардың бейбіт, қатар өмір сүруі – татулықтың нақты көрінісі. Бұл – кездейсоқ жетістік емес, бұл – саналы саясаттың, сабырлы халықтың жемісі.

Қазақ халқының тарихында татулық пен бірлік – елдігіміздің, мемлекеттігіміздің іргетасы саналған. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген халық нақылдары ел ішіндегі татулық пен ауызбіршіліктің аса жоғары бағаланғанын көрсетеді. Бұл тек әлеуметтік қатынастарға ғана емес, рухани өмірге, дінге де тікелей байланысты.

Қазақстан – көпұлтты ғана емес, көпконфессиялы мемлекет. Елімізде ислам, христиандықтың бірнеше тармағы, иудаизм, буддизм және өзге де діни сенімдер қатар өмір сүріп келеді. Осындай алуан түрлі діни сенімдер мен мәдениеттердің бейбіт қатар өмір сүруі – еліміздің татулық пен түсіністікке негізделген саясатының жарқын жемісі.

Алайда соңғы жылдары елімізде кейбір деструктивті діни ағымдардың таралуы байқалды. Бұл ағымдар дінді саясиландырып, қоғамда алауыздық туғызуға тырысады. Олар жастардың діни сауаты болмағандықтан оңай арбауға түсіреді, отбасынан, қоғамнан бөліп, өз идеологиясына бағындырады. Мұндай радикалды ағымдар ең алдымен ұлттың рухани тұтастығына, ел ішіндегі татулыққа қауіп төндіреді.

Қазақстанда қабылданған мемлекеттік діни саясат бұл қауіптермен күресуге бағытталған. Дін істері комитеті, жергілікті басқару органдары, теологтар, имамдар мен дінтанушылар бірігіп, деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда.

Татулық – бұл тек тыныш өмір сүру ғана емес, бұл – ортақ мүддені бөлісе білу, бірін-бірі түсіну, өзгеге құрметпен қарау. Бұл – дінге деген көзқараста да, ұлттық ерекшелікте де, өмір салтында да көрініс табуы тиіс. Бірлігі мен татулығы жарасқан елде бөлінушілікке, радикалды идеологияларға, қоғамды іштен ірітуге бағытталған әрекеттерге жол берілмейді.

Бүгінгі күні жастар жат ағымдардың басты нысанасына айналып отыр. Сондықтан білім беру мекемелерінде, мешіттерде, қоғамдық ұйымдарда жастар арасында түсіндіру, ағарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі қажет. Бұл бағытта ата-ананың, мұғалімнің, имамның, теологтың орны бөлек.

Татулық – ұлтты ұйыстыратын ұлы күш. Бірлігі бекем елдің іргесі берік болады. Біз үшін басты мақсат – тұрақтылықты сақтау, дін мен дәстүрді ұштастыра отырып, рухани қауіптерге қарсы тұру. Ел ішіне іріткі салатын кез келген жат ағымға қарсы тұрудың ең тиімді жолы – халықтың бірлігі мен татулығы. Осы орайда, әр азамат өз орнында елге адал қызмет етіп, айналасындағыларға құрметпен қарап, қоғамда бейбітшілік пен келісімнің нығаюына атсалысуы қажет. Татулықты сақтау – сөзбен емес, іспен дәлелденетін қасиет.

Г.Бекжан,

Түркістан облысы дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы

Previous Post

Түркістан облысында жаз мезгілінде өрттің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Next Post

Шағын және орта бизнесте 4 миллионнан астам адам жұмыс істейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check