gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда экологиялық таза энергия көздерін дамытуға инвестиция салынады

30 мая, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда экологиялық таза энергия көздерін дамытуға инвестиция салынады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жұмыс сапарымен Қытайдың ірі экономикалық орталығы Шанхай қаласына барды. Сапар аясында ол “KYMS” және “BEESENERGY” сынды Қытайдың жетекші компанияларының басшылығымен ресми кездесулер өткізді. Кездесуде екі тарап инвестициялық әріптестікті нығайту, жаңартылатын энергия көздері, инфрақұрылым және туризм салаларындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Түркістан өңірінде экологиялық таза энергия көздерін дамыту және көлік инфрақұрылымын жаңғырту салалары бойынша нақты ұсыныстар қарастырылды.
Жиында Қытайлық компаниялар Түркістан облысының экономикалық әлеуетіне қызығушылық танытып, бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді. Тараптар тиімді серіктестік орнату үшін алдағы уақытта нақты техникалық және инвестициялық келіссөздерді жалғастыруға келісті. Бұл сапар Түркістан облысының халықаралық деңгейдегі инвестициялық тартымдылығын арттыру жолындағы маңызды қадам болмақ.
Previous Post

Қазақстанда спорт, өнер және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

Next Post

Түркістан облысында ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check