gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам ауданында жаңа құрылыс аумақтарына желі тарту жобалары дайын

18 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрам ауданында жаңа құрылыс аумақтарына желі тарту жобалары дайын
Share on FacebookShare on Twitter

Инфрақұрылым – халық өмірінің сапасы мен қауіпсіздігінің негізі. Осыған орай облыс әкімдігі тарапынан электр энергиясымен қамтуды жақсарту, тозығы жеткен желілерді жаңарту және жаңа құрылыс аумақтарына сапалы инфрақұрылым жеткізу бағытында нақты қадамдар жасалып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында да бұл мәселе кеңінен талқыланды.

Жиын барысында өңір басшысы жауапты басқармалар мен коммуналдық мекемелердің, сондай-ақ аудан, қала әкімдерінің жұмысын сынға алып, нақты міндеттер жүктеді. «Тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен, оның ішінде электрмен үздіксіз қамтамасыз ету – билік пен халық арасындағы сенімді байланыстың көрсеткіші. Бұл жұмыстар үнемі бақылауда болуы керек. Проблемалар қордаланбай, уақытында шешілуі тиіс», – деді облыс әкімі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтің баяндамауынша, биыл өңірде 160-тан астам жаңа нысанның құрылысы жоспарланған. Соның ішінде электр қуатымен қамту бойынша 41 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 18 елді мекеннің 22,3 мың тұрғынына сапалы электр қуатын жеткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы 110 кВ «Солтүстік» қосалқы стансасы, Келес ауданындағы 220 кВ «Қызыләскер» стансасы және 110 кВ-тық «Л-6-А» электр желісі іске қосылды. Бұл арқылы Келес, Сарыағаш, Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Қазығұрт аудандарының тұрғындары тұрақты электрмен қамтылды. Сонымен бірге Төлеби ауданындағы 110 кВ «Алатау» және Жетісай ауданындағы 110 кВ «Жетісай» қосалқы стансалары биыл пайдалануға беріледі.

Облысымыздағы экономикалық әлеуеті жоғары, халық тығыз қоныстанған ірі аудандардың бірі – Сайрам ауданы. Жалпы аумағы 114 761 гектарды құрайтын бұл өңірде 241 мыңнан астам тұрғын бар. Аудан 11 ауылдық округ пен 42 елді мекеннен тұрады. Экономикалық тұрғыдан даму қарқыны жақсы болғанымен, электр энергиясына қатысты бірқатар өзекті мәселелер сақталып отыр. Жуырда жүргізілген инвентаризация (түгендеу) жұмыстарының нәтижесінде, аудан аумағындағы 1 671 шақырым электр желісінің 50 пайыздан астамы тозғаны анықталды.

Бүгінде ауданда 967 дана трансформатор бар. Олардың 429 дана – «Оңтүстік ЖарықТранзит» ЖШС теңгерімінде, 176 дана – ауданның коммуналдық меншігінде, 362 дана – жекеменшік және жеке кәсіпкерлер иелігінде. Электр желілерін жаңарту бағытында 2024 жылы маңызды қадамдар жасалды. Бюджет қаражаты есебінен 8 елді мекенде 672 дана электр бағанасы ауыстырылды. 19,2 шақырым электр желісі жаңартылды, 30 жаңа трансформатор орнатылды. Сондай-ақ, электр желілері тозығы жеткен 8 елді мекенде жалпы құны 2,6 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 4 елді мекенде құрылыс аяқталды. Қалған 4 нысан – өтпелі, яғни жұмыстар биыл жалғасады.  Оған қоса, тағы 4 елді мекенде электр жүйесінің құрылысы жаңадан басталды.

Аудан көлемінде электр қуаты тапшылығы – ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жаңа құрылыс аумақтарына желі тарту жобалары дайын болғанымен, электр энергиясының жетіспеушілігіне байланысты техникалық шарттар берілмей отыр. Бұл – тұрғын үй, әлеуметтік нысандар, кәсіпкерлік жобалар дамуына кедергі келтіретін фактор. Мәселені шешу үшін аудан әкімдігі мен жауапты мекемелер жаңа қосалқы стансалар салу, қуат көздерін арттыру, ескі желілерді жаппай жаңарту бойынша жобалар дайындап, қаржыландыру көздерін қарастыруда.

Previous Post

Түркістан 20 көше орташа жөндеуден өтеді

Next Post

Нормативтік құқықтық акт әзірлеушілеріне смарт-ассистент қолдау көрсетеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz