Төлеби ауданы – әлеуметтік-экономикалық серпілістің үздік үлгісін көрсетіп отырған өңір. 2020 жылдан 2024 жылға дейін даму көрсеткіштері бұл өсімге айқын дәлел. Айталық, Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім 2020 жылы 97 млрд. теңге құраса, 2024 жылы 158 млрд. теңгеге жетіп 61 млрд.теңгеге немесе 63 пайызға артқан. Атап айтсақ, өнеркәсіп өнім көлемі 2020 жылы 31,7 млрд. теңге құраса, 2024 жылы 64,9 млрд. теңгеге жетіп 33,2 млрд.теңгеге немесе 2 есе артқан.
Ауылшаруашылығы өнім көлемі 2020 жылы 39 млрд. теңге құраса, 2024 жылы 54,9 млрд. теңгеге жетіп 15,8 млрд.теңгеге немесе 40,6 пайызға артқан. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2020 жылы 5 млрд. теңге құраса, 2024 жылы 11,1 млрд. теңгеге жетіп 6 млрд.теңгеге немесе 2,1 есеге артқан. Негізгі капиталған бағытталған инвестиция көлемі 2020 жылы 12,3 млрд. теңге құраса, 2024 жылы 43,2 млрд. теңгеге жетіп 30,1 млрд.теңгеге немесе 3,4 есеге артқан.
Аудан экономикасында негізгі салалары өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және туризм. Бұл бағытты ағымдағы жылы бірнеше жоба іске асырылуда. Атап айтсақ, өнеркәсіп саласына жалпы құны 6,5 млрд.теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба іске асыру және 180 жаңа жұмыс орын құру жоспарлануда. Атап айтар болсақ, «Тауэнерго» ЖШС шағын ГЭС құрылысы, «Jasyl Quat» ЖШС шағын ГЭС құрылысы, «KAZPLAST» ЖШС тігін фабрикасы және «З-Энергетик СНГ» ЖШС шағын ГЭС құрылысы.
Ауыл шаруашылығы саласында 2025 жылы құны 6,2 млрд.теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру және23 жаңа жұмыс орны құру жоспарлануда. Атап айтар болсақ, «Қазығұрт бақтары» АШӨК жеміс-жидек өңдеу, «Азия Милк» ШФҚ 550 бас тауарлы сүт фермасы, «Бірінші Мамыр сауда белгісі» ЖШС 100 бас тауарлы сүт фермасы, «FISH HOUSE» ЖШС балық шаруашылығы, «Азия Милк» ӨК 150 басқа арналған мал бордақылау алаңы, ЖК «Бастық ата» айына 100 тонна сүт өндіру, ЖК «Рысбаев Ж.» 100 басқа арналған жылқы шаруашылығы, ЖК «Ақжігітов С.» балық шаруашылығы.
2025 жылы жалпы құны 4,2 млрд. теңгені құрайтын 12 туристік нысандарды іске қосып, 151 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Олар: Ақмешіт шатқалында «FGS-Болашақ ұрпақ мектебі» ЖШС балалар лагері, Керегетас елді мекенінде «Эдельвейс» балалар лагері, Біркөлік шатқалында ЖК «М.Тұрғыновтың» демалыс орны, Ақмешіт шатқалында ЖК «Е.Рахымбердиевтың» демалыс орны, Қаратөбе ауылдық округінен ЖК «К. Өсербаеваның» демалыс орыны, Ақмешіт шатқалында ЖК «Ш.Далбаевтың» демалыс орны, Біркөлік шатқалында ЖК «Б.Каримовтың» демалыс орны, Біркөлік шатқалында ЖК «Е.Ерманның» демалыс орны, Қасқасу ауылдық округінен «Mountain VIEW» демалыс орны, Қасқасу ауылдық округінен ЖК «Б.Кумисовтың» демалыс орны, Біркөлік шатқалында ЖК «М.Бектұрғыновтың» демалыс орны және Біркөлік шатқалында ЖК «М.Тәжібаевтың» демалыс орны.
Төлеби ауданы – экономиканың әр саласында тұрақты өсім мен инвестициялық белсенділікті дәлелдеді. Өндіріс, агроөнеркәсіп, құрылыс, туризм — бәрі де дами түскен. 2025 жылға арналған жобалар ауданның еңбек күші мен шаруашылық әлеуетін одан әрі арттырады. Бұл жобалар тұрақты өсім, экологиялық теңгерім және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.



