gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданында ауылшаруашылығындағы жаңа бастамалар ет пен сүт өндірісін ұлғайтуға сеп болуда

18 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданында ауылшаруашылығындағы жаңа бастамалар ет пен сүт өндірісін ұлғайтуға сеп болуда
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданы – аграрлық әлеуеті жоғары, табиғаты бай, еңбекқор халқы бар өңір. Аудан экономикасының тірегі – ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығы мен егіншілік саласында қарқынды жұмыстар жүргізіліп, өндірілген өнім көлемі жылдан-жылға артып келеді. Мұнда негізінен ет, сүт, жұмыртқа өндіріледі. Ал, егіншілік бағытында астық өнімдері, майлы дақылдар мен жеміс-жидек өсіру алдыңғы қатарда тұр. Халық санының тұрақты өсуі мен Шымкент қаласына жақын орналасуы бұл өнімдерге деген сұранысты еселеп арттырып отыр.

Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін және нарыққа ұсынатын кәсіпорындар мен шаруашылықтар белсенді жұмыс істеуде. «Ақмаржан» ЖШС-і мен «Аққұм Астық» ЖШС-і жоғары сапалы ұн өндіріп, ішкі нарықты қамтып отыр. Сонымен қатар, «Ибтикор» жеке кәсіпкерлігі мақсары майын өндіру арқылы экологиялық таза, сұранысқа ие өнім ұсынып келеді. Мұнымен шектелмей, аудан көлемінде ауыл шаруашылығы кооперативтері де дамып келеді. Соның ішінде «Қазығұрт бақтары» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жеміс-жидек өңдейтін цех құрылысын бастап, болашақта дайын өнім өндірісін қолға алуды жоспарлап отыр.

Мал шаруашылығын дамытуда басты кедергілердің бірі – жайылымдық жердің тапшылығы. Осы мәселені шешу мақсатында ауданда малдың сапалық құрамын жақсарту, яғни асылдандыру жұмыстары қарқын алған. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне асыл тұқымды мал сатып алуға арналған субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер ұсынылып, бұл бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін берілуде. Бұл шаралар мал өнімділігін арттырып, ет пен сүт өндірісін ұлғайтуға сеп болуда.

Су тапшылығы мәселесі де ауыл шаруашылығында өзекті. Бұл орайда аудан диқандары тиімді шешімдерге көшіп отыр. Су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы олар өнім көлемін арттырып, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға көшкен. Жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелері бүгінде аудан шаруаларының кеңінен қолданатын әдісіне айналып, жоғары өнімділікке жол ашты.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Төлеби ауданында жалпы өңірлік өнім 2020 жылы 97 млрд. теңге құраса, 2024 жылы 158 млрд. теңгеге жетіп 61 млрд.теңгеге немесе 63 пайызға артқан. Атап айтсақ, өнеркәсіп өнім көлемі 2020 жылы 31,7 млрд. теңге құраса, 2024 жылы 64,9 млрд. теңгеге жетіп 33,2 млрд.теңгеге немесе 2 есе артқан. Ауылшаруашылығы өнім көлемі 2020 жылы 39 млрд. теңге құраса, 2024 жылы 54,9 млрд. теңгеге жетіп 15,8 млрд.теңгеге немесе 40,6 пайызға артқан.

Ауыл шаруашылығы саласында 2025 жылы құны 6,2 млрд.теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру және23 жаңа жұмыс орны құру жоспарлануда. Атап айтар болсақ, «Қазығұрт бақтары» АШӨК жеміс-жидек өңдеу, «Азия Милк» ШФҚ 550 бас тауарлы сүт фермасы, «Бірінші Мамыр сауда белгісі» ЖШС 100 бас тауарлы сүт фермасы, «FISH HOUSE» ЖШС балық шаруашылығы, «Азия Милк» ӨК 150 басқа арналған мал бордақылау алаңы, ЖК «Бастық ата» айына 100 тонна сүт өндіру, ЖК «Рысбаев Ж.» 100 басқа арналған жылқы шаруашылығы, ЖК «Ақжігітов С.» балық шаруашылығы.

Аудан халқының әлеуметтік әл-ауқатын арттыру бағытында мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Төмен табысты азаматтарға арналған атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақылар, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер – тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар. Сонымен қатар, тұрғын үй көмегі де табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар үшін қолжетімді. Бұл көмектер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі мен «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң аясында жүзеге асырылады. АӘК алушы еңбекке жарамды азаматтар үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу – басты шарт. Бұл көмек алушылардың еңбекке тартылып, тұрақты табыс табуына мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, Төлеби ауданы бүгінде ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік қолдау салаларын қатар дамытып, ауыл тіршілігін жаңаша бағытқа бұрып келеді. Мемлекет қолдауы мен халықтың еңбегінің нәтижесінде ауданның әрбір тұрғыны игілікті істердің жемісін көруде. Алда жүзеге асатын тың жобалар мен бастамалар ел игілігі үшін қызмет етері сөзсіз.

Previous Post

Шардаралық жастар мен еріктілер демалушыларға табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндірді

Next Post

Түркістандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің алғашқы түлектеріне аттестат табысталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz