gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында заңсыз жер қойнауын пайдалануды болдырмау мақсатында арнайы мобильді топтар жұмыс істейді

14 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында заңсыз жер қойнауын пайдалануды болдырмау мақсатында арнайы мобильді топтар жұмыс істейді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында заңсыз жер қойнауын пайдалану мен ауыр жүк көліктерінің құрылыс материалдарын шамадан тыс тасу мәселесі өзекті болып отыр. Осы бағытта облыс әкімі Нұралхан Көшеров аудан, қала әкімдіктеріне мобильді топтар құрып, облыстық полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе заң бұзушылықтарды анықтап, алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Бұл мәселе бойынша бүгін облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбековтың төрағалығымен арнайы мәжіліс өткізіліп, жиынға құзырлы органдардың өкілдері мен сала мамандары қатысты. Мәжіліс барысында Түркістан облысындағы заңсыз жер қойнауын пайдалануды болдырмау, сондай-ақ ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүк артуын тоқтату бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Облыс аумағында заңсыз жер қойнауын қазу мен ауыр жүк көліктерінің заңсыз әрекеттері әлі де орын алуда. Мысалы, биылғы 11 шілде күні Сауран ауданында жүргізілген рейд нәтижесінде ауыр жүк көліктерінің заңсыз тасымалын жүргізгені анықталды. Бұл жағдайдың алдын алу үшін Талғат Қозбеков облыстық көліктік бақылау инспекциясына республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда тұрақты рейдтер жүргізуді, заңсыз жүк тасымалдарын болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, Сауран ауданындағы Шаға ауылдық округі, Шоқтас елді мекені Құрсай өзені бойында үлкен көлемде заңсыз жер қойнауын қазу жұмыстары жүргізілгені белгілі болды. Ауыр жүк көліктерімен заң бұзушылар ұсталып, материалдар облыстық полиция департаментіне жолданды. Құзырлы органдар бұл істі бақылауға алып, заңсыз әрекет жасаған топқа қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады.

Осылайша, Түркістан облысында заңсыз әрекеттердің алдын алу, жер қойнауын қорғау және көлік саласында заң бұзушылықтарға тосқауыл қою бағытындағы жұмыстар күн тәртібінде тұр. Өңірде мобилді топтар мен рейдтердің тиімділігін арттыру үшін тиісті шаралар қолға алынуда.

 

Previous Post

Шардарадағы жағажайлардың тазалығы мен қауіпсіздігі бойынша қатаң талаптар қойылды

Next Post

Сайрам ауданында тері өндірісін дамыту мүмкіндіктері талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz