gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасуда

21 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында елді мекендерді газдандыру жұмыстары жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында елді мекендерді газдандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл бұл салада 64 жоба қолға алынып, оларға тиісті қаржы қаралды. Жыл соңына дейін 34 елді мекендегі 38 жобаның құрылысы аяқталуы тиіс. Ал 16 елді мекенді қамтитын 26 жоба келесі жылға өтпелі ретінде белгіленген.

Газдандыруды кезең-кезеңімен жүзеге асыру мақсатында 2027 жылға дейінгі іс-шара жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес, сол уақытқа дейін облыста газдандырылған елді мекендер саны 765-ке жетпек. Алайда бұл мақсатқа қажетті қаржы толық бөлінген жағдайда ғана қол жеткізіледі. Ал қалған 42 елді мекеннің газдандырылуы қазіргі таңда экономикалық жағынан тиімсіз деп танылып отыр, себебі олар шалғай орналасқан және халық саны аз.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында өңірдегі газдандыру жұмыстарының барысы талқыланды. Аймақ басшысы бірқатар аудан, қала әкімдерінің жұмысын сынға алып, тиісті міндеттер жүктеді.

– Ең бастысы – жеткізілген газдың нақты тұрғындар игілігіне айналуы. Аудан, қала әкімдері тұрғын үйлерді газ желісіне қосуды белсенді ұйымдастыруы тиіс. Атқарылған жұмыс туралы нақты мәлімет күн сайын ұсынылып отыруы қажет. 2025 жылға бекітілген көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуіміз керек. Газ нысандарына қатысты кемшіліктерді дереу ретке келтіруді тапсырамын, – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиевтің мәлімдеуінше, облыстағы газдандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша республика көлемінде орташа газбен қамтылу көрсеткіші 62,4 пайызды құрады. Ал Түркістан облысында бұл көрсеткіш 85,5 пайызды құрап отыр. Яғни, облыстағы 563 елді мекен немесе 69,7 пайызы табиғи газға қосылған. Бұл көрсеткішпен Түркістан облысы республика бойынша 8-орында тұр.

Өткен жылы облыс аумағында 115 нысанның құрылысы басталып, оның 70-і аяқталды. Қалған 45 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі болып саналады. Дегенмен Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Сауран және Ордабасы аудандарында газдандыру деңгейі әлі де төмен күйде. Ал Созақ ауданы әлі толықтай газға қосылмаған. Қазіргі таңда мұнда газ тарату стансасы мен елді мекен ішіндегі желілердің құрылысы аяқталғанымен, газ беру «Еврохим-Қаратау» нысанына тәуелді болғандықтан, Жамбыл облысындағы жобаның аяқталуы күтілуде.

Сонымен қатар Түркістан қаласында өндірістік аймақтың кеңеюіне байланысты газға сұраныс артуда. Қолданыстағы №15 «Түркістан» автоматтандырылған газ тарату стансасы толық қуатында жұмыс істеп тұр. Осыған орай, жаңа АГТС орнату және айналма газ құбырының жобасы әзірленуде. Қазір трассаның топотүсірілім жұмыстары жүргізіліп, мүдделі органдармен келісу жұмыстары жалғасуда.

Жиын барысында газдандыру бойынша жоспарлау, жобалау және жүзеге асыру кезіндегі кемшіліктер сараланып, тиімсіз жобалар сынға алынды. Сондай-ақ газдандыру нысандарын коммуналдық меншіктен «Qazaq Gaz Aimaq» АҚ теңгеріміне өткізу мәселелері қаралды.

Previous Post

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында сенбілік өтті

Next Post

Таза Қазақстан: Келес ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz