gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келесте жол инфрақұрылымы жаңартылуда

17 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келесте жол инфрақұрылымы жаңартылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданында биылғы жылы 33,8 шақырым жол жөнделмек. Елді мекендердегі ішкі көшелерді жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда бірнеше ауылдық округтерде асфальт төсеу және жол негізін дайындау жұмыстары басталған.

Қошқарата ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекенінде Ш.Тұрсынбаев көшесінің 2,6 шақырымына асфальт төселуде. Бұл жұмыстарды «Сарыағаш Сәулет» ЖШС жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, осы округтегі Алғабас, Жаңақоныс және Қарабура ауылдарының 4 көшесіне шағал тас төселіп, асфальттау алдындағы дайындық жүріп жатыр. Аталған көшелердің жалпы ұзындығы шамамен 11 шақырымды құрайды.

Жол құрылысының сапасына ерекше мән беріліп отыр. Жұмыстардың барысы мен орындалу сапасына «СК Құрылыс инжиниринг» және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» мекемелері тұрақты түрде техникалық бақылау жүргізуде.

Қазіргі таңда Келес ауданындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1172 шақырымды құрайды. Өткен жылы 2 көше аудандық бюджет есебінен, ал 16 көше «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жөнделіп, асфальтталған. Соның нәтижесінде, аудан көшелерінің 61 пайыздан астамы жақсы және қанағаттанарлық күйге жетті.

Биыл аталмыш бағдарлама аясында тағы 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде Ошақты ауылдық округінің Қоңыртөбе мен Береке елді мекендерінің 4 ішкі көшесіне және Жүзімдік ауылдық округіндегі Жүзімдік ауылының 11 көшесіне шағал тас төселіп, асфальттау жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр. Бұл көшелердің ұзындығы 17,7 шақырымды құрайды.

Одан бөлек, Абай ауылындағы Жамбыл, Асан Қайғы, Б.Қырғызалиев, Төле би, Ә.Жылқышиев гүлзары мен Т.Рысқұлов көшесінің батыс бөлігінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынбақ.

Аталған жұмыстар толық аяқталған соң, Келес ауданындағы ішкі көшелердің 65 пайыздан астамы жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жетеді деп күтілуде.

Previous Post

Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру шығындары ішінара субсидияланады

Next Post

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz