gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданында табиғи газбен қамту көрсеткіші 71 пайыздан асты

11 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданында табиғи газбен қамту көрсеткіші 71 пайыздан асты
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда ауданға қарасты 83 елді мекеннің 59-ы «көгілдір отынға» қосылған. Бұл көрсеткіш жалпы қамтудың 71,1 пайызын құрап отыр.

Қалған 24 елді мекенді газдандыру мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін табуда. Қазірдің өзінде төрт елді мекенде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқын алған. Атап айтқанда, Ұшқын ауылдық округіне қарасты Достық пен Қоралас ауылдары, Қошқарата округіндегі Ұшқын елді мекені және Бірлік округіне қарасты Бірлік ауылында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар тоғыз елді мекенге магистральды газ құбырын тарту үшін қажетті жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Бұл ауылдардың қатарында Бірлік округіндегі Жанатіршілік, Қосөткел, Үшағаш, Ошақты округіндегі Бақшысай, Ынталы, Саттаров, Қаратал, Атақоныс және Жиделі елді мекендері бар.

Аудан орталығы Абай ауылында табиғи газбен қамту деңгейі 100 пайызға жеткен. Дегенмен, кей көшелерде және жекелеген тұрғын үйлерде жіңішке диаметрлі газ құбырларын ауыстыру қажеттігі туындап отыр. Осы мақсатта жаңа жобалар әзірленіп, сәулет-жоспарлау тапсырмалары дайындалу үстінде.

Газдандыру жұмыстарының кезең-кезеңімен әрі сапалы орындалуы – аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырумен қатар, экологиялық және әлеуметтік жағдайды жақсартуға да оң әсерін тигізері сөзсіз.

Previous Post

Арыста биыл 26 ауқымды инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Next Post

Arman-PV»: оқулықтан тыс та ұлтқа қызмет ету

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz