gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында экологиялық тәртіпті бұзған 11 мыңнан астам жайт әшкереленді

9 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында экологиялық тәртіпті бұзған 11 мыңнан астам жайт әшкереленді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау бағытында жүйелі іс-шаралар жүзеге асуда. Облыстық жергілікті полиция қызметі экологиялық заңнама талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде 11 440 құқықбұзушылық дерегін анықтады.

Атап айтқанда, көпшілік пайдаланатын орындарды ластаған 9406 азаматқа және абаттандыру ережелерін бұзған 2034 тұрғынға қатысты әкімшілік шаралар қолданылған.

Мысалы, Отырар ауданы аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын тексеру барысында жазық далаға бейберекет төгілген коммуналдық қоқыс анықталды. Бұл жайт бойынша тиісті материалдар жинақталып, заңнамаға сәйкес шара қабылдау үшін Экология департаментіне жолданды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – елді мекендердегі тазалықты қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын күшейту болып табылады.

Облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдары қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра бермек.

Previous Post

Егіс науқаны – 2025: науқанның белгіленген мерзімде аяқталуы, дақылдарды әртараптандыру және шаруаларды қолдау жүйесіндегі жүйелі өзгерістер

Next Post

Түркістан облысында елді мекендерді газбен, ауыз сумен және электрмен қамту жұмыстары жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz