gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Құқық қорғау қызметкерлерімен діни сауаттылық жайы талқыланды

4 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Құқық қорғау қызметкерлерімен діни сауаттылық жайы талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында діни экстремизм мен радикалды ағымдардың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Жуырда Күзет мекемесінің қызметкерлерімен осы тақырыпта маңызды кездесу өтті.

Шараны «Кентау қалалық Руханият орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Кездесуге орталықтың теолог маманы Ұлан Құлтай, Күзет мекемесінің мамандары мен полиция қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында теолог маман деструктивті діни ағымдардың қоғамға төндіретін қаупі, олардың идеологиялық белгілері мен әрекет ету тәсілдері жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымда жұмыс істейтін қызметкерлердің діни мәселелерге қатысты сауаттылығының маңыздылығы, әсіресе құқық қорғау саласында еңбек ететін мамандардың радикалды идеологияға қарсы иммунитеті жоғары болуы керектігі атап өтілді.

– Қауіпсіздік саласы қызметкерлері – қоғамдық тұрақтылықтың тірегі. Сондықтан сіздер кез келген теріс ағымның белгілерін дер кезінде танып, тиісті әрекет жасай алатын деңгейде діни сауатты болуыңыз керек, – деді Ұ.Құлтай.

Кездесу соңында қатысушыларға арнайы дайындалған ақпараттық үнпарақшалар таратылып, өзекті сұрақтарға жауап берілді. Қызметкерлер бұл кездесудің мазмұнды әрі пайдалы болғанын айтып, мұндай шаралардың тұрақты түрде өткізіліп тұруы қажеттігін жеткізді.

Айта кетейік, «Руханият» орталығы тарапынан ұйымдастырылатын түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да қала көлемінде жалғасатын болады. Мақсат – теріс идеологияға қарсы рухани иммунитет қалыптастыру және қоғам қауіпсіздігін сақтау.

Спросить ChatGPT
Previous Post

Түркістанда 100-ге жуық отбасына баспана кілті мен домбыра тарту етілді

Next Post

Түркістанда 100-ге жуық отбасына баспана кілті мен домбыра тарту етілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz