gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Қазсушардың» Түркістан филиалының екі өндірістік учаскесінің басшылары жұмыстан уақытша шеттетілді

25 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Қазсушардың» Түркістан филиалының екі өндірістік учаскесінің басшылары жұмыстан уақытша шеттетілді
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында «Қазсушардың» жергілікті филиалының Шардара және Мақтаарал өндірістік учаскелерінің басшылары жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұған дейін олар қатаң сөгіс алған болатын.
Оған аудандарда анықталған бұзушылықтар себеп болды. Атап айтқанда, Түркістан облысында күріш егу жоспары 3,3 еседен асып кеткен. Суармалы су тапшылығы қаупіне және 4000 га шегіне қарамастан, «Қазсушардың» жергілікті филиалы диқандармен 13 258 га күріш алқаптарын суаруға 1 047 келісімшарт жасасқан.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің өңірге жұмыс сапары жалғасып жатыр. Су ведомствосының басшысы Шардара ауданындағы су шаруашылығы жағдайымен танысты.
Бүгінгі таңда Қызылқұм каналы күріш, жүгері, мақта, көкөністер, жоңышқа, жүзім, бау-бақша дақылдары өсірілетін 28 366,1 га жерге су жеткізді. Вегетация кезеңі басталғалы бері канал арқылы су беруге 2 978 келісімшартқа қол қойылды.
«Министрліктің жұмыс топтары тәулік бойы кезекшілік жүргізіп, өңір каналдарындағы су деңгейін бақылауда ұстап отыр. Су беру кезекпен жүргізіліп, шаруалармен түнгі суаруға көшу және егіс айналымы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Десе де судың «көлеңкелі нарығын» жою мәселесі өзекті болып қала береді. Шардара су қоймасының маңында 24 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды. Бұған дейін біз заңсыз су алумен тиімді күресу үшін облыстың құқық қорғау органдарымен күш біріктірдік»,
— деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сондай-ақ министр Шардара топтық су құбыры құрылысының барысымен танысты. Жобаны 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Нысанның ұзындығы — 39,28 км. Жоба аясында I және II көтергіш сорғы станцияларын салу, сондай-ақ сегіз ұңғыманы бұрғылау жоспарда бар. Қуаттылығы тәулігіне 12 мың текше метр су құбыры Шардара қаласының және жақын маңдағы 22 елді мекеннің тұрғындарын «Шардара-Байырқұм» жерасты көзінен сумен қамтамасыз етеді.
Previous Post

Күре жолдардың күтімі көңіл көншітпейді

Next Post

Түркістан облысы 6 ай нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz