Kazakhstan Lihua ЖШС 750 адамды жұмысқа қабылдауға дайын. Бұл бастама тұрақты табыс көзін іздеген тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік.
Kazakhstan Lihua – иіру, тоқу, бояу және үй тоқыма бұйымдарын өндіруді бір арнаға тоғыстырған инновациялық өндірістік кластер. Бүгінде облыс бойынша 4 интеллектуалды мақта өңдеу желісін іске қосып үлгерген кәсіпорын жылына 6000 тонна жоғары сапалы мақта өнімін өңдеуді жоспарлап отыр.
Жұмысшылар үшін барлық қажетті жағдайлар қарастырылған:
• Жалақы көлемі – 130 000 теңгеден 400 000 теңгеге дейін
• Ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі
• Жатақхана ұсынылады
• Қауіпсіз еңбек жағдайы, арнайы нұсқама және жабдықталған жұмыс орны
• Заманауи құрал-жабдықтар, жаңа технологиямен жұмыс істеу мүмкіндігі
Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар:
• Қытай тілінен аудармашылар
• Электр-техникалық мамандар
• Жөндеу және техникалық қызмет көрсету мамандары
• Өндірістік операторлар
• Тоқыма өндірісі жұмысшылары
• Жүк тиегіш машинистері
Кәсіпорын Түркістан қаласындағы Бекзат мөлтек ауданында орналасқан.
Байланыс:
Kazakhstan Lihua ЖШС
+7 775 351 8875
Түркістан қалалық Мансап орталығы
+7 778 259 5353
Құлыншақ ақын көшесі, №90а
Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы



