gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді

30 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді
Share on FacebookShare on Twitter
Шағын қалалар мен аудан орталықтарында және елді-мекендерде 1000 мектепті жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ол қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтуға, балалардың оқу мен тәрбиесіне жайлы жағдай жасауға, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жеті негізгі бағытты қамтиды. Осы жұмыстар аясында 2025 жылы 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді. Бұл шамамен 300 мың балаға заманауи және қолайлы кітапхана кеңістігін пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
«Мемлекет жыл сайын білім беру инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөледі. Мектеп кітапханаларын жаңғырту аясында автоматтандырылған кітапхана жүйесі енгізілуде, коворкинг-аймақтар ашылып, күрделі жөндеу жүргізіледі, жиһаздар жаңартылуда», – деді Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева.
Мектептерде кітаптарды автоматты түрде есепке алатын және жедел іздейтін RFID технологиясы енгізілуде, ал 20-дан астам кітапханада сканерлеуші роботтар жұмыс жасайды. 2023 жылдан бастап «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларының қоры 1,6 миллион дана көркем әдебиетпен толықты. Бүгінде жалпы кітап қоры 141 миллион данадан асады.
Кадр даярлауға ерекше көңіл бөлінуде: тек 2024 жылы 1 775 мектеп кітапханашысы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, ал 2025 жылы оқу жалғасады. Бұл — мектеп кітапханаларын балалар үшін шынайы білім мен қарым-қатынас орталығына айналдыру жолындағы маңызды қадам.
Previous Post

Түркістаннан Абай облысына керуен аттанды

Next Post

Түркістанда үкіметтік емес ұйымдардың жиыны өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz