gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы аясында рейдтік жұмыстар жүргізілуде

1 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Таза Қазақстан» акциясы аясында рейдтік жұмыстар жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғамның даму деңгейі тек экономикалық жетістіктермен немесе технологиялық ілгерілеумен ғана емес, оның тұрғындарының қоршаған ортаға деген көзқарасымен, күнделікті тұрмыс мәдениетімен де өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, табиғатты аялау, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – әрбір азаматтың парызы әрі міндеті. Бұл бағытта елімізде жүйелі түрде түрлі акциялар мен қоғамдық бастамалар жүзеге асып келеді. Солардың бірі – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы.

Қазіргі таңда аталған акция Түркістан облысының барлық аудандарында, соның ішінде Жетісай ауданында да қарқынды жүргізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және елді мекендердегі тазалықты сақтау. Осы бағытта Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шаралар жоспары негізінде бірқатар ауқымды жұмыстарды қолға алды.

Полиция бөлімінің ұйымдастыруымен қала көшелері мен ауылдық округтерде, сондай-ақ халық көп шоғырланатын базар аумағында түсіндіру және ескерту шаралары өткізілді. Рейд барысында тәртіп сақшылары тұрғындармен кездесіп, қоршаған ортаны ластамау, тұрмыстық қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге төкпеу, ауыл-аймақтың тазалығын сақтау сынды маңызды мәселелер жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, сауда орындарының маңайы, жаяу жүргіншілер жолы мен көше бойларындағы санитарлық жағдайға да ерекше назар аударылды.

Түсіндіру жұмыстары барысында бірқатар тұрғындардың тазалық талаптарын елемей, бейберекет қоқыс тастағаны анықталды. Мұндай құқықбұзушылықтарға жол берген азаматтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды. Бұл шаралар тек жазалау үшін емес, ең алдымен, тұрғындардың экологиялық сана-сезімін ояту, оларды жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында қолға алынып отыр.

Айта кету керек, Жетісай ауданы соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Мұнда тұрғын үй құрылысы, инфрақұрылым жаңғыруы, көгалдандыру жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Алайда осы игілікті істермен қатар, тазалықты сақтау, санитарлық тәртіпке бағыну, қоғамдық орындарда мәдениеттілік таныту – барлық тұрғындардан талап етілетін ортақ міндет.

Жетісай аудандық полиция бөлімі тұрғындарды туған өлкенің көркеюі мен тазалығы – тек мемлекет немесе жергілікті билік өкілдерінің ғана емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі екенін ұмытпауға шақырады. Қоршаған орта – баршаға ортақ құндылық. Сондықтан оны қорғау, таза ұстау – ұлт болашағына деген жанашырлықтың нақты көрінісі.

Бүгінде елімізде «Жасыл Қазақстан» тұжырымдамасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобалар жүзеге асуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында бірнеше мәрте экологиялық қауіпсіздікке ерекше мән беріп, бұл саладағы тәртіп бұзушылықтарға бей-жай қарамау қажеттігін атап өтті. Осы орайда жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы – мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі.

Табиғат – халқымыздың баға жетпес байлығы. Оның тазалығын сақтау – келер ұрпаққа қалдырылатын аманат. Сондықтан бүгінгі таңда қолға алынған бұл бастама – тек бір реттік шара емес, көпшілікке ой салатын, күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс жүйелі үрдіс болмақ.

Аудандық полиция қызметкерлері алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, ел арасында тазалық мәдениетін нығайтуға өз үлестерін қоса бермек. Себебі тәртіп пен тазалық – өзара байланысты ұғымдар. Қай жерде тәртіп бар, сол жерде өркендеу мен үйлесімділік орнайды.

Previous Post

Түркістан облысында 250-ден астам дәрігер жетіспейді

Next Post

Төлеби ауданының инвестициялық әлеуеті таныстырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz