gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағаш ауданында нақты міндеттер жүктелді

1 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сарыағаш ауданында нақты міндеттер жүктелді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан активімен кеңейтілген мәжіліс өткізді. Кездесуге облыстық басқарма басшылары, аудан әкімдігі, ауылдық округ әкімдері мен мәслихат депутаттары қатысты. Жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Облыс әкімі Сарыағаш ауданындағы өзекті мәселелер мен мүмкіндіктерге тоқтала келе, нақты салалар бойынша тапсырмалар жүктеді.
– Туризм, инвестиция тарту және өзіндік кірісті ұлғайту бағытындағы жұмыстарды күшейту қажет. Ауданның әлеуеті зор. Туризм саласында мол мүмкіндік бар. Бұл бағытта жүйелі, табанды жұмыс жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, аудан орталығы мен елді мекендердің тазалығына баса назар аудару керек. Сарыағаш – халқы тығыз орналасқан, еңбекке қабілетті тұрғындары көп, экономикалық әлеуеті жоғары өңір. Сондықтан күнделікті ізденіс пен кәсіби жанашырлық қажет. Өндіріс орындарын ашу мен салықтық базаны ұлғайту мәселелері әрдайым күн тәртібінде тұрады, – деді аймақ басшысы.

Кеңесте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру, білім беру, денсаулық сақтау, жол жөндеу, ауыз су және газбен қамту салаларындағы өзекті мәселелер көтерілді. Облыс басшысы аталған бағыттар бойынша әзірленген жобалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстайтынын айтып, жауапты лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Жоспарды орындауда немқұрайлық танытқан ауыл әкімдері мен басқарма жетекшілеріне сын-ескертпелер айтылды.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағашта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, негізгі салалар бойынша даму көрсеткіштерін ұсынды. Облыстық басқарма өкілдері де салалық индикаторлардың орындалуы бойынша тиісті мәліметтермен бөлісті.

Жиын соңында аудан активі облыс әкімінің тапсырмаларын қолдайтындарын білдіріп, Сарыағаштың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданы Түркістан облысындағы ірі және қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі саналады. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында ауданның жалпы өңірлік өнімі 141,5 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 135 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы саласында 51,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ 118,1 пайызға жеткен. Сонымен қатар, аудан экономикасына 31 млрд теңге инвестиция тартылса, өнеркәсіп секторында 15,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, оң өсімге қол жеткізілген.

Облыс әкімінің бұл сапары – аудандағы даму қарқынын бағамдап, жаңа серпін беру мақсатында ұйымдастырылған маңызды басқосу болды. Алдағы кезеңде жүктелген міндеттердің жүйелі орындалуы өңір халқының әл-ауқатын арттырып, Сарыағаштың даму әлеуетін одан әрі нығайта түсетіні сөзсіз.

Previous Post

Таза Қазақстан: Сарыағашта коммуналдық сала өкілдеріне жаңа техникалар тапсырылды

Next Post

Кентауда “Таза Қазақстан” плоггинг жарысы жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz