gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстік облыстарында егіс алқаптарын суаруға жоспарланған су көлемінің 80%-дан астамы алынды

6 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазақстанның оңтүстік облыстарында егіс алқаптарын суаруға жоспарланған су көлемінің 80%-дан астамы алынды
Share on FacebookShare on Twitter
Суару маусымының басынан шілде айының соңына дейін еліміздің оңтүстігінде егіс алқаптарына 8,15 млрд текше метрден астам су алынды. Биыл вегетация кезеңінде жалпы көлемі 10,1 млрд текше метр су алу жоспарланған. Осылайша, суару кезеңінің соңына дейін тағы шамамен 2 млрд текше метр су алынады, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Жалпы алынған судың шамамен 37,2%-ы немесе 3,03 млрд текше метрі Қызылорда облысына тиесілі. Түркістан облысы алған су көлемі – шамамен 37% немесе 3,011 млрд текше метр. Жамбыл облысына 9,3%-дан астам немесе 761,7 млн текше метр, Жетісу облысына – 8,8%-дан астам немесе 719,6 млн текше метр, ал Алматы облысына – 7,7%-дан астам немесе 631,4 млн текше метр су берілді.
«Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі суару маусымының барысы министрлігіміздің бақылауында. Судың әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесіп каналдар мен басқа да объектілерге тұрақты мониторинг жүргізетін төрт жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар су кезекпен беріліп, шаруалар арасында түнгі суару және егіс айналымына көшу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Биыл еліміздің оңтүстігінде вегетация кезеңі 20 күнге ерте басталғанын еске сала кетейік. Бұған жоғары температура мен жауын-шашынның болмауы себеп болды. Соған қарамастан, суармалы судың ерте берілуінің арқасында оңтүстік өңірлердің диқандары сәуір айының ортасында алғашқы қырыққабат өнімін, мамырдың соңғы онкүндігінде қауын-қарбызды, маусымда баклажан мен өзге де бақша дақылдарының алғашқы өнімін жинап үлгерді.
Previous Post

Қазақстан армиясында PSY-тәуекел жүйесі енгізілуде: психоэмоционалдық ауытқулары бар әскерге шақырылушылар қызметке жіберілмейді

Next Post

Түркістан облысында «Даму» қоры арқылы 200-ден астам азамат өз кәсібін бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz