KAZINFORM — Күзгі егін орағы науқанын жанармаймен қамтамасыз етуге дайындық қалай жүріп жатыр. Бұл сұраққа Энергетика министрлігі жауап берді.
— Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) жыл сайын облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп республиканың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мұнай өнімдеріне қажеттілік көлемін айқындайды. Аталған ведомство фермерлерге күзгі екін орағы жұмыстарын жүргізуге дизель отынын жеткізу көлемі туралы Энергетика министрлігіне ұсыныстар енгізеді. Биылғы маусымда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 2025 жылғы 1 шілде мен 1 қараша аралығында «Күзгі дала жұмыстарына 403 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін» бекітті, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.



