gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда жастарға жат ағымдардың қаупі түсіндірілді

25 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда жастарға жат ағымдардың қаупі түсіндірілді
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында жастардың діни сауатын арттыру және теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыруға бағытталған іс-шаралар жалғасуда. Соның аясында Жастар ресурстық орталығында діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу тақырыбында түсіндіру кездесуі өтті.

Жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Б.Абдрахман, «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің теолог маманы Ұ.Құлтай, сондай-ақ орталық қызметкерлері мен белсенді жастар қатысты.

Мамандар дін атын жамылып жүрген жалған ағымдардың қауіпті белгілеріне тоқталып, олардың қоғам мен отбасына тигізетін зардаптарын түсіндірді. Әсіресе, радикалды идеологияның жастардың ой-санасына қалай әсер ететіні нақты мысалдармен айтылды.

— Жат ағымдар ең алдымен жастардың сенімін пайдаланып, оларды жалған уағыздармен арбайды. Сондықтан әрбір жас өз діни білімін тек ресми дереккөздерден алып, кез келген күмәнді жағдайға бейжай қарамауы қажет, – деді теологтар.

Кездесу барысында қатысушыларға арнайы дайындалған үнпарақшалар таратылып, онда дәстүрлі дін мен ұлттық құндылықтар жайында маңызды ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандар жастарды діни сауаттылықты арттыруға, интернеттегі күмәнді мәліметтерге сын көзбен қарауға шақырды.

Жастар да өз тарапынан көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Олар мұндай кездесулердің пайдалы екенін, діни экстремизмнің алдын алуда ақпараттық түсіндірудің маңызы зор екенін атап өтті.

Жалпы, Кентауда өткен бұл басқосу жастардың рухани иммунитетін күшейтіп, жат идеологияға қарсы тұрудың нақты жолдарын көрсетуге бағытталды. Алдағы уақытта да Жастар ресурстық орталығында осы бағыттағы кездесулер тұрақты түрде өткізілмек.

Previous Post

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті

Next Post

Түркістанда бюджеттік тәртіп пен ашықтықты арттыру жолдары талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz