gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Достық керуені» жобасы – Кентауда

25 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Достық керуені» жобасы – Кентауда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасы Кентау қаласында жалғасын тапты. Бұл жоба этносаралық қатынастарды нығайту, халық арасындағы татулық пен бірлікті сақтау, жастарды ұлттық сана мен достыққа тәрбиелеу бағытындағы маңызды іс-шара болып табылады.

Жиынға әкімдіктердің жауапты сала жетекшілері, ҚХА мүшелері, жергілікті Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің өкілдері, этнос жастары қатысты. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстар мен пікірлерін бөлісті. Іс-шара барысында этносаралық келісім, достық негіздері, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау жолдары туралы кең көлемді талқылаулар жүргізілді.

Аталған шара аясында «Медиация – тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуші тетік» тақырыбында тұрғындармен арнайы кездесу өткізілді. Кездесуде медиативтік әдістердің қоғамдағы орны мен маңыздылығы түсіндіріліп, дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу, азаматтар арасындағы сенім мен достықты арттырудың практикалық жолдары көрсетілді.

Іс-шараның спикерлері – ҚХА-ның 2030 жылға дейінгі Концепциясын әзірлеу жөніндегі креативті жұмыс тобының мүшесі, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейдулла Садықов, сондай-ақ облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Әшірбаев – қатысушыларға ел бірлігін, этносаралық татулықты сақтау, достық пен келісімнің маңыздылығын кеңінен түсіндірді.

Спикерлердің сөзінше, Қазақстандағы бірлік пен татулық – әрбір азаматтың жауапкершілігі, ал жастар мен қоғам белсенділері арқылы бұл құндылықтар кейінгі ұрпаққа жеткізіледі. Олар достық пен келісімнің практикалық негіздерін көрсетіп, қатысушыларға этносаралық қарым-қатынасты дамытуда нақты ұсыныстар берді.

Жиын қорытындысында қатысушылар тұрғындардың құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік келісімін арттыру, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау бағытындағы іс-шараларды жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, «Достық керуені» жобасының іс-қимылдары қоғамдағы татулық пен достықты насихаттап, азаматтық мәдениетті арттыруға үлес қосатынын атап өтті.

Previous Post

Түркістанда бюджеттік тәртіп пен ашықтықты арттыру жолдары талқыланды

Next Post

Күре жолдардың күтімі көңіл көншітпейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz