gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жаңа техника жеткізілді

29 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мақтааралда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жаңа техника жеткізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданында коммуналдық қызмет сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар жасалуда. Бұл шара Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қолға алынған.

Бағдарлама шеңберінде облыс әкімінің тапсырмасымен облыстық бюджеттен 239,15 миллион теңге қаржы бөлініп, ауданның коммуналдық шаруашылық саласына қажетті жаңа техникалар сатып алынуда.

Атап айтқанда, бөлінген қаржыға жалпы саны 11 трактор (оның ішінде қар, құм және шаң тазалайтындары бар), 11 тіркеме, 3 жүк тиегіш, 11 трицикл және 1 автогидроподъемник алу жоспарланған. Бұл техникалар аудан аумағындағы санитарлық тазалықты жақсартуға, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен шығаруды жүйелеуге және жалпы экологиялық мәдениетті арттыруға үлкен серпін береді.

Қазіргі таңда техникалардың алғашқы легі – 11 трактор, 11 тіркеме және 3 жүк тиегіш ауданға жеткізілді. Арнайы ұйымдастырылған салтанатты шарада олардың кілтін аудан әкімі Бақыт Асанов коммуналдық сала өкілдеріне табыс етті.

Өз сөзінде аудан басшысы жаңа техниканың елді мекендердің тазалығын жақсартуға зор үлес қосатынын атап өтті.
– Бұл жұмыстардың басты мақсаты – халық игілігіне қызмет ету. Заманауи техниканың келуі арқылы ауданымыздың санитарлық тазалығы жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін, – деді Бақыт Асанов.

Айта кетейік, бұл бастама Мақтаарал ауданындағы коммуналдық қызмет сапасын арттыруға, еңбек өнімділігін жоғарылатуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта да аудан әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Previous Post

Жарақат алған франциялық боксшыға Шымкентте шұғыл ота жасалды

Next Post

Жетісайда Конституция күніне орай 2600 тұрғын табиғи газбен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz